230
мум соққанда таза жер қыртысына алақанды сүйкейді де,
саусақтарының ұшын
бір-біріне ұрып, шаңын қағып тастап, екі қолмен бетке және екі қолдың шынтаққа
дейінгі аралығына мәсіх тартылады.
Теберік – қараңыз: тәбәрік.
Тепшу – денеге инемен шаншып өрнек немесе бейнелер салу. Жәһилият
дәуірінде араб әйелдері қай руға жататынын білдіру үшін денелеріне тепшу салды-
ратын.
Тиләлуәт сәждесі ةولاتلا ةدجس – сәжде аяттарын оқығанда
не естігенде жасала-
тын қиямсыз, рукуғсыз бір реттік сәжде.Құран кәрімнің он төрт жерінде үсті сы-
зылған сөздер бар және сол сөз келген аяттың соңында ерекше белгі кездеседі. Осы
аяттарды оқыған не естіген кезде бір рет сәжде жасау – уәжіп. Бұл сәжде «тиләуәт
сәждесі» (яғни Құран оқу) деп аталады.
Тиуал сүрелер لاوطلا روسلا – ұзын сүрелер. Ғалымдар сүрлердің ұзын-қысқа-
лығына қарай бірнеше топқа бөлген. Тиуал сүрелердің қатарына Құран кәрімдегі ең
ұзын жеті сүре кіреді. Олар: «Бақара», «Әлі Имран», «Ниса», «Мәидә», «Әнғам»,
«Ағраф» сүрелері және «Әнфәл» сүресі. Бірақ ғалымдар арасында соңғы сүрені
тиуал сүрелердің қатарына қоспайтындар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: