Таһарат ةراهطلا – мұсылманның намаз оқудан бұрын дененің тиісті бөліктерін
жуу арқылы орындалатын тазалану шарасы. Қара: дәрет алу.
Таһир уа мутаһһир رهطملاو رهاطلا – таза және тазалаушы су. Таза және басқа
заттарды нәжістен тазалауға жарамды су. Яғни ол суды ішуге, дәрет алуға және
нәжісті кетіру үшін пайдалануға болады. Бұл суға құдық, өзен, көл, теңіз, жаңбыр,
қар, бұршақ, бұлақ және т.б. ащы және тұщы судың барлығы жатады. Бұл сулардың
тазалығына жер қыртысындағы темірдің және тағы басқа металдар мен топырақтың
дәмі және исі әсер етпейді. Сол сияқты осындай суларға түскен ағаш пен өсімдік
тамырының, жапырақтарының және жемістерінің дәмі оның тазалығын жоймайды.
Мұндай суларда құрбақа және басқа да бақа-шаяндардың мекендеуі оны ластамай-
ды.
«Ташаһһуд» дұғасы (тәшаһһуд) دهشتلا ءاعد – намаздың әр екі ракағатынан
кейінгі отыруларда оқылатын дұға.
Ташриқ күндері قيرشتلا مايأ – құрбан айттан кейінгі зул-хижжа айының 11,12
және 13 күндері. «Ташриқ» сөзі араб тілінде етті жіліктеп, күнге кептіру деген
мағынаны береді. Айттан кейінгі күндерде құрбандыққа сойылған малдың еті жілік-
ке бөлініп, кептірілетін болғандықтан, бұл күндер «ташриқ күндері» деп аталған.
Ташриқ күндері – мұсылмандардың бір-біріне қонаққа барып, айтқа әзірленген
тағамдардан дәм тататын, көңіл көтеретін мейрамдары. Сондықтан бұл күндері де
ораза ұстауға тыйым салынған (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Ташриқ тәкбірлері قيرشتلا تاريبكت – Арафа күнінің таңынан бастап, айт күн-
дерінің төртінші күнінің екінді намазына дейін, парыз намаздарынан соң айтыла-
тын тәкбірлер. Бұл тәкбірлерді айту – уәжіп.
Тәбәрік (теберік) – естелік үшін алынатын не пайдаланатын қастерлі зат.
Тәбәттул لتبتلا – өмірден безіну, тәркідүниелік, өмірден үйленбей бойдақ өту.
Тәбиғин (табиғин) يعباتلا – сахабаға серік болған адам. Кейбіреулер тәбиғинді
сахабаны көрген және мұсылман болып қайтыс болған адам дейді. Тәбиғин сахаба-
дан хадисті алған немесе естіген кезде мұсылман болуы шарт емес. Егер ол хадисті
бір сахабадан кәпір кезінде естіп, сол сахаба қайтыс болғаннан кейін Ислам дінін
қабылдап, естіген хадисін риуаят етсе, оның риуаят еткен хадисі қабыл етіледі және
ол тәбиғин деп есептеледі.