253
машылығы: шәһидті екі сахаба риуаят етеді де, ал мутабиғті бір сахаба риуаят етеді.
Шәз ذاشلا – бір сенімді адамның бірнеше немесе көп адамдардың риуаятына
қарсы мағынадағы хадисті риуаят етуі. «Шәз» сөзі араб тілінде «бөтен», «дөрекі»,
«ерсі» деген мағыналарды береді. Бұл жерде мынаны естен шығармау керек: егер
бір ғана рауи басқалар риуаят етпеген хадисті риуаят етсе, ол «шәз» деп аталмайды.
Немесе мақбулдің (хадисі қабыл болатын адамның) өзінен жоғары дәрежеде тұрған
рауидің риуаятына қарсы мағынадағы риуаят еткен хадисі «шәз» деп аталады. Шәз
хадистің сәнадында және мәтінінде де болуы мүмкін. Шәзге қарсы мағынада «мах-
фуз» термині қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: