Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет197/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Шарт әш-шайхайн نيخيشلا طرش – екі шейхтың шарты. «Екі шейх» деп имам 
әл-Бұхари мен Муслимді атайды. Екі шейхтің немесе екеуінің бірінің шарты де-
геніміз: хадисті екеуінің сахих немесе екеуінің бірінің сахих кітаптарында бар ра-
уидің риуаят етуі және екі шейхтің сол рауиден хадисті қалай риуаят еткендігін 
сақтау (бақылау).
Шауафиғ عفاوشلا – шафиғи мазһабын ұстанушылар. «Шауафиғ» араб тілінде 
«шафиғи» деген сөздің көпше түрі.
Шаут طوشلا – айналу. Қағбаны айналу және қажылық амалдарының бірі сағи-
ді өтеген кезде Сафа мен Маруаның арасында жүру. Тауаф (Қағбаны айналу) жеті 
шауттан тұрады. Ол қара тас тұрған тұстан басталып, сол тұстан аяқталады. Сафа-
дан Маруаға дейін бір шаут, Маруадан Сафаға дейін бір шаут. Сағи жеті шауттан 
тұрады.
Шафиғи يعفاشلا – имам әш-Шафиғи мазһабының атауы және сол мазһабты 
ұстанушы.
Шаһадат ةداهشلا – куәлік беру. Шаһадат айту – «Лә иләһә Иллаллаһ» деген 
сөзді айту.
Шаһид, шаһит ديهشلا – Аллаһ жолында мерт болған жан. Шәһидтер пайғам-
барлар мен шыншылдардан кейінгі дәрежені иемденеді. 
«Басшысы хазірет Хамза жетпіс шаһит, 
Көрдіңіз пайғамбардың жалғыз тісін. 
Зиярат қылдың бәрін болсын қабыл
Жерлерге аяқ бастың жетпейтін қол» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
«Өлсең шаһид ғазысың, тірі болсаң 
Қызметке, берер ажар құдірет кәрім. 
Қазақты төрге сүйреп бір жеткізші
Дін дүние жеміс боп табыстарсың» (М.Дулатов, Шығ.).
«Әзіреті Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел шаһид болып қырылып кететін, әлгі ... 
Кербаланың шөлі осы емес пе?» (Ә.Нүрпейісов).
Шәһид دهاشلا – куәгер. Хадис ілімінде басқа бір хадиспен мағынасы және сөз-
дері сай келген немесе тек қана мағынасы сай келген хадис «шәһид» деп аталады. 
Бірақ осы екі хадисті екі сахаба риуаят етуі қажет. Шәһид пен мутабиғтің айыр-


253
машылығы: шәһидті екі сахаба риуаят етеді де, ал мутабиғті бір сахаба риуаят етеді. 
Шәз ذاشلا – бір сенімді адамның бірнеше немесе көп адамдардың риуаятына 
қарсы мағынадағы хадисті риуаят етуі. «Шәз» сөзі араб тілінде «бөтен», «дөрекі», 
«ерсі» деген мағыналарды береді. Бұл жерде мынаны естен шығармау керек: егер 
бір ғана рауи басқалар риуаят етпеген хадисті риуаят етсе, ол «шәз» деп аталмайды. 
Немесе мақбулдің (хадисі қабыл болатын адамның) өзінен жоғары дәрежеде тұрған 
рауидің риуаятына қарсы мағынадағы риуаят еткен хадисі «шәз» деп аталады. Шәз 
хадистің сәнадында және мәтінінде де болуы мүмкін. Шәзге қарсы мағынада «мах-
фуз» термині қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет