Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет199/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ы
Ыбылыс. «Ібіліс» сөзінің қазақ тіліндегі бір варианты.
«Әу бастағы аты боза екен. Оны адамға қас – Ыбылыс арамдап кеткен деген 
бар» (С.Әліков, Кәрі сайтан).
Ықылас صلاخلإا – пенденің өз амалдарын тек жалғыз Аллаһтың игілігіне қол 
жеткізу және Оның марапатына лайық болу ниетімен орындауы.
Ынсап فاصنلإا – шектен шықпау.
Ысырап فارصلإا – қаржы-қаражатты шектен тыс жұмсау; ынсапсыздық.
Ысқат. Ысқат – қайтыс болған адамның қарызын түсіру. «Ысқат» сөзі араб 
тіліндегі طاقسإ «исқат» (түсіру) сөзінен алынған. 
«Кісі өліп, ысқат байлап, дәуір жүргізгенде «қаріп-қасерге, жетім-же-
сір» дегіш болуы еді жұрт «садақа, құшыр пітірді қаріп-қасерге бер» деуші еді»
(М.Әуезов, Шығ.).


256
І
Ібіліс سيلبإ – Аллаһ тағала адамды жаратып, барлық періштелерге оған сәжде 
етуге бұйырғанда, Оның әмірін тәкаппарланып, орындаудан бас тартқан және сол 
себепті Аллаһтың рақымшылдығынан қуылған жын. Ол шайтандардың ең үлкені.
Ізгі – арабшасы «салих». Бұл сөз термин ретінде шәһидтерден кейінгі дәре-
жені иемденетін ізгі жандарға қатысты қолданылады.
Ізін نذلإا – рұқсат, кеңшілік.
Інжіл ليجنلإا – Аллаһтың Иса пайғамбарға (аләйһис-сәләм) түсірген кітабы.
Іріткі – фитна, адамдар арасына алауыздық салу, мұсылмандарды бір-бірімен 
шағыстыру. Адамдардың арасында іріткі салу шариғат тыйым салған күнәлі іс деп 
есептеледі.
Ішдәрет. Екі әурет жерді нәжістен тазалау.
«Ши шымылдық құрған соң, 
Іш дәретіңді алдырып, 
Ғауретіңе суды құйған соң» (Қазына).


257
Я
Яжуж-Мәжуж جوجأمو جوجأي – қияметтің алдында шығып, жер бетін қан са-
сытып, қырғын салатын жаратылыс иесі. Кейбір ғалымдар оларды адамдарға ұқ-
сас десе, кейбір ғалымдар оларды адам ұрпағынан болады деп есептейді. «Әнбия» 
сүресінің 96-аяты мен «Кәһф» сүресінің 94-98 аяттарын қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет