256
І
Ібіліс سيلبإ – Аллаһ
тағала адамды жаратып, барлық
періштелерге оған сәжде
етуге бұйырғанда, Оның әмірін тәкаппарланып, орындаудан бас тартқан және сол
себепті Аллаһтың рақымшылдығынан қуылған жын. Ол шайтандардың ең үлкені.
Ізгі – арабшасы «салих». Бұл сөз термин ретінде шәһидтерден кейінгі дәре-
жені иемденетін ізгі жандарға қатысты қолданылады.
Ізін نذلإا – рұқсат, кеңшілік.
Інжіл ليجنلإا – Аллаһтың Иса пайғамбарға (аләйһис-сәләм) түсірген кітабы.
Іріткі – фитна, адамдар арасына алауыздық салу, мұсылмандарды бір-бірімен
шағыстыру. Адамдардың арасында іріткі салу шариғат тыйым салған күнәлі іс деп
есептеледі.
Ішдәрет. Екі әурет жерді нәжістен тазалау.
«Ши
шымылдық құрған соң,
Іш дәретіңді алдырып,
Ғауретіңе суды құйған соң» (Қазына).
257
Я
Яжуж-Мәжуж جوجأمو جوجأي – қияметтің алдында шығып, жер бетін қан са-
сытып, қырғын салатын жаратылыс иесі. Кейбір ғалымдар оларды адамдарға ұқ-
сас десе, кейбір ғалымдар оларды адам ұрпағынан болады деп есептейді. «Әнбия»
сүресінің 96-аяты мен «Кәһф» сүресінің 94-98 аяттарын қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: