49
нен безер болар, қыз-қырқын әзәзілдік жолға түсер болар», – деген алып-қашпа сөз
су жыландай сүйреңдеді» (С.Жүнісов, Ақан Сері).
«Содырлы сойқандардың біріне-бірі айтатын әзәзілдік өсиеті қандай болаты-
нын ашып береді» (М.Әуезов, Әр жыл).
Әзәлдан. Әу бастан. Мәңгі болған, бастауы жоқ. Бұл ақида ілімінде Аллаһ
тағаланың есім-сипаттарына қатысты қолданылатын термин. Яғни Аллаһ тағала әу
бастан болған, Оның бар болуының бастауы жоқ, Ол Мәңгі. Қазақ тілінде бұл сөз
«бұрыннан келе жатқан», «көнеден бар» деген мағыналарды беру үшін де қолданы-
лады.
«Дос болған соң әзалдан
Әмірді тәрк еттің деп
Құдірет мұны шам алған» (Базар жырау, Шығ.).
«Хәтте, елдің тізгінін
Босатып алғансыз ба, алдияр?
Әбілхайыр ханды әләздан
Аруақты деп естуші ек» (Т.Ахтанов, Шырағың.).
Әзәли. Мәңгі, мәңгілік, жойылмайтын, бар болуының бастауы жоқ, өмірлік,
өшпейтін.
«Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла тағаланың сипаты
өзіндей қадым, һәм әзәли һәм әбәди болады да, һәмишә барлыққа келтіруден босан-
баса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды» (Абай, Шығ.).
Матуриди мазһабының көрнекті ғалымы имам әл-Бәздауи: «Ақиқатында,
тәкуин және ижәд (бар қылу) Алла тағаланың сипаты, хадис (кейін болған) емес.
Бәлки, ол ғылым, құдірет сипаты сияқты әзәли. Мүкәууан, мәужуд (жаратылыс)
нәрсе тәкуин емес. Жарату да Алла тағаланың сипаты, ол – хадис емес. Рахма (мейі-
рімділік), ихсан (жақсылық жасау), ризқ (ризықтандыру) және мағфира (кешіру)
сынды ісіне қатысты сипаттардың барлығы Оның әзәли сипаты болып есептеледі.
Ал әшғари мазһабында Алла тағаланың ісіне қатысты бұл сипаттар ғылым, хаят
сияқты зәти қадим сипатына жатпайды» деп, екі мәзһаб арасындағы айырмашылық
бір мазһабтың «тәкуин» сипатын Алланың әзәли сипатына жатқызса, екінші мәзһаб-
тың Алланың зәти қадим сипатына жатпайды деумен ерекшеленетінін сөз етеді
(С.Оқанұлы, http://mazhab.kz).
Достарыңызбен бөлісу: