Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет31/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Аят-хадис. Аят-қадіс. Құранның аяты мен Мұхаммед пайғамбардың хади-
стері. Қазақ тілінде ислам дінінің қасиетті мәтіндері саналатын Құран аяттары 
мен Мұхаммед пайғамбардың хадистері кейде қос сөз ретінде, кейде сөйлемнің 
бірыңғай мүшелері ретінде қолданылады. 
«Асан қазірет Бұқарай Шәріптің шар кітаптарын шіріткен өзін «аят-қадістің 
терең құдығымын» деп түсінетін» (І.Жансүгіров, Шығ.). 
«Аят, хадис емес қой
Күпір болдың демес қой
Қанша қарсы келсеңіз» (Абай). 
Абай атамыз бұл сөзімен Құранның аяты мен Мұхаммед пайғамбардың ха-
дистеріне қарсы шығу күпірлік екендігін, ал бұл екеуінен басқа кітаптарда келген 
мәліметтерді қабыл алмай, қарсы келіп, өз ойыңызды уәжді түрде дәлелдей білсеңіз, 
күпірлік емес екендігін айтқысы келген. Яғни Құран аяты мен Пайғамбардың ха-
дистері қасиетті саналған және ол екеуіне қарсы шығуды Абай күпірлікке санаған. 
«Мақтаса ғұламаны құрметтесе, 
Мағынасын аят-хадис амал етті. 
Құрметтеу ғалымдарды уәжіп болса
Ғауамдар бұл насихат сізге жетті» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Мұнан ғайры жаңа сөздері де не ғараб, не фарсы тілінде болуб һәр жұрттың 
лұғаты бөлек болуынан көб оқұмаған адамдар аят-хадисте бұйырылған һәр мы-
сылманға керек қысқа ғылымдарды да білуке қадір бола алмады» (Ы.Алтынсарин, 
Шариат.)
Аятул-курси. Аятул-курси يسركلا ةيآ – «Бақара» сүресінің 255-аяты. Бұл аятта 
Аллаһтың күрсісі туралы айтылғандықтан, аят «Аятул-курси» (Күрсі аяты) аталып 
кеткен. Мұсылмандар бұл аятты әртүрлі жағдайларда жиі оқиды, көп қолданады. 
Бір нәрседен қауіптенгенде, секем алғанда және қатты шошынғанда бұл аятты дұға 
ниетімен оқиды. Қазақ тілінде «аятул-курси», аятулкүрсі» және «аятылкүрсі» деп 


45
жазылып және айтылып жүр. 
«Сен, әйтеуір, Әлгі жарықтық «аятулкүрсіні» оқи бер! – деп, Мағаштың қай-
ығына кіргендей боп, сырт жағына жабысып тұр» (М.Әуезов, Шығ.). 
«Кәзір жарқылдата, шартылдата күн құйып бергенде, Әбен құлһу Алла мен 
аятылкүрсіні төпей берді. Басқа білері жоқ» (Ғ.Мұстафин, Дауыл). 
«Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын
Аятылкүрсі, әлхамды жете оқимын» (С.Торайғыров, Мағынасыз).


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет