59
берген ант«Байғатур-ридуан»,яғни «ризашылық анты» деп аталады.
Байтолла. Байтуллаһ. Байтұлла. Байтілдә. Аллаһтың үйі. Араб тіліндегі تيب
«бәйт» және الله «Аллаһ» сөздерінің изафеттік байланыс арқылы жасалған түрі. Діни
әдебиеттерде «Байтуллаһ» сөзі Мекке шаһарында қасиетті Қағба орналасқан мешіт-
ке немесе Кағбаның өзіне қолданылады.
«Медине, сенің жерің Мекке ме еді,
Мүбәрәк Пайғамбардың мекені ме еді?
Байтолла бір Құдайдың үйі депті,
Қатар тұр Мекке менен екеулері» (Дәме қыз).
«Сусыз шөл, жапан кезіп,
таудан астың,
Артыңа бұ жалғанды тастап қаштың,
Арманың бала жастан ойыңа алған
Байтолла қағба болып аяқ бастың» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).
Жалпы мешіттердің барлығы ауыспалы мағынада «байтуллаһ» (Аллаһтың
үйі) деп атала береді. Қазақ тіліндегі жазбаларды төте жазудан кириллицаға аудару
кезінде араб тілінен енген сөздердің жазылуында айырмашылықтар орын алып, ол
сол сөздің жазылу не айтылу варинаты ретінде қолданысқа еніп кетті. Сондай сөз-
дердің бірі – «байтуллаһ» сөзі. Ол қазақ тілінде «байтолла», «байтұлла» және басқа
да варианттарда жазылып та, айтылып та жүр.
«Иттің қылған дұғасы қабыл болды,
Жазы жапан айдала нұрға толды.
Жаңа киіп көйлегін тұрған шақта,
Басына келіп Байтұлла орнап тұрды» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).
«Өлімге
бердің басты ыңғайланып,
Ақырет жабдығын жеп, соны ойланып.
Ия Ғафур, ия Рахман деген Алла,
Жүгірдің Байтулланы жеті айналып.
Байтулла
қара жабу төрт бұрышты,
Көргенде Байтулланы көңілің өсті.
Есіңнен мал, жан шығып кетіп еді-ау,
Дариядан бері өткен соң, сонда түсті.
Айналдың Байтулланы көбелектей,
Қарамай жолдағыны баса көктей» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
«Құрылыс бітіп, хажіре орнын негізгі орнына қоятын кезде үлкендер арасын-
да талас болады. Олар төрт күнге дейін бірлікке келе алмады. Арқыры араларында
дау пайда болған еді. Уәли ібін Муғираның кеңесімен Байтілдаға кім бірінші кірсе,
бұл іске сол адамды бастық қылуды шешті» (Н.Рабғузи, Қисас-ул әнбия).
Бақи يقابلا – мәңгілік өмір, ақырет өмірі. Діни сенім бойынша, бұ дүние аяқта-
лып, одан кейін мәңгілік өмір басталады. «Бақи» сөзі араб тілінде «қалу»
деген
60
мағынаны береді және «фәни» сөзінің антонимі ретінде қолданылады. Қазақ тілін-
де «бақи» сөзі «ақыреттік өмір» деген мағынасымен бірге «өмір бақи», «бақилық
болды», «ғұмыр бақи», «бақиға кетті», «бақиласу» сияқты тіркестер мен үлгілерде
жиі кездеседі.
«Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей» (Абай, Тол. жин.).
«Сыбызғы, сырнай,
қызық әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер,
Бақи санап жүргенің бәрі фәни,
Өкініш
сонда қалар, өмір өтер» (ХХ ғ. қаз.ақын.).
«Інгендей ыңыранған тұлыбына,
Қош қызым, бақи! – дейді сұлық ана.
Мамалап енді оны атайтын тек
Шекер мен, тірі болса ұлы ғана» (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).
Достарыңызбен бөлісу: