Әзіреті Әлі. Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы әрі немере інісі, Әбу
Талибтың ұлы Әлидің құрметті атауы. Ол ислам халифатының төртінші халифы
болған. «Әзіреті Әлі» сөзі жыр-дастандарда жиі кездеседі.
«Қырық күндей жол жүрді,
Аты арып, тон тозып,
Сонда жеткен секілді
Әзірет Әлі жатқан жерлерге,
Мекендеген елдерге» (Батырлар жыры).
«Әзіреті Әлі жатқан жерлерге,
Мекендеген елдерге.
Жақын қалды моласы,
Моланың көрді қарасын
Ақжоныс та ер еді,
Астындағы тұлпарын
Түсе қалып ханыңыз
Жолдасқа атты береді.
Етігін салып иыққа
Жаяулатып жөнелді» (Ақжоныс ұлы Ер Кеңес).
«Әзіреті Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел шаһид болып қырылып кететін, әлгі ...
Кербаланың шөлі осы емес пе?» (Ә.Нүрпейісов).
Әйет. Құранның аяты.
«Дуалды уатпаған бояу тастардың бәрінен түрлі кестелер жасалған. Кестенің
бәрі жазу. Көбі Құранның әйеттері. Кестенің бояулары соншама сақталған – күні
кеше істелген секілді» (Х.Досмұхамедұлы, Таң. шығ.). Қара. аят.
Әкбар. Ең үлкен, ең ұлы. Діни мазмұндағы мәтіндерде «Аллаһ» сөзімен тір-
кесе келіп, «Аллаһу әкбар» деп қолданылады да, «Аллаһ ұлық» деген мағынаны бе-
реді. Бұл тіркес азан сөздерінде, қатты қуанғанда және басқаларды рухтандырғанда
қолданылады.
«Жалпақбас пен Айдынғали ... күбір-жүбір сөйлесіп, төмен иіледі. «Тек ан-
да-санда «Алла әкбар, Алла әкбар...» деген дауыстары ғана естіледі» (Ә.Сәрсенбаев,
Толқында.).
Сонымен қатар «Аллаһу әкбар» сөзі ауыспалы мағынада бата жасауға да қол-
данылады.
Ұл болса екеуі дос қияметтік,
Қосқалы екі жасты ниет еттік.
52
Мен болсам қашатұғын ер Қарабай,
Балаңды, Алла әкбар, күйеу еттік (Қозы Көрпеш.).
Осы жердегі «Алла әкбар» сөзі өзара келісіп, бата жасауды астарлап
беріп тұр.