81
ты «сұрапыл», «сұмдық азап», «алапат үрей», «зор ауыртпалық» деген ауыспалы
мағыналарда да қолданылады.
«Басылмапты қалың нөсер аспаннан,
Қайысыпты жер ғарасат басқаннан.
Алақандай оған одан пана таба алмай,
Теңселіпті ағыл-тегіл босқан жан» (А.Нысаналин, Көзайым).
«Шаяндікі де құр көргірлік қой деймін, шамалы күн тұз-дәмі ортақ болған
серігіне жаны ашып шошудан гөрі не ғарасат, ғапыл оқиға өткенін білуге құмар
секілді» (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас.).
Ғаршы. Ғарыш, Аршы.
«Білгірсіп жұртқа жөн сілтер,
Дін бұзған кейбір дүмшелер
Келгендей кеулі ғаршыдан» (Базар жырау, Шығ.).
«Ермегі емессің сен еріккеннің,
Оңаша жүр екенсің көріп келдім.
Бір ауыз лебізіңе ынтызар боп,
Ғаршыдан қанат қаққан періштеңмін» (С.Омаров, Сәукен).
Ғариб. Хадис ілімінде қолданылатын термин. «Ғариб» بيرغلا – «бөтен»,
«алабөтен», «жат», «таныс емес» деген мағыналарды береді. Хадис ілімінде «ға-
риб» депсәнадтың бір немесе бірнеше сатыларында тек бір ғана рауи риуаят еткен
хадисті айтады. Ғариб хадистің сәнадында келгендей мәтінінде де келуі мүмкін.
Ғариб мутлақ (шексіз) және нисби (қатысты) болып екіге бөлінеді. 1. Мутлақ
(шексіз) ғариб: егер хадис сәнадының түпкі, негізгі сатысында бір ғана рауи бол-
са, оны «мутлақ ғариб» хадис деп атаймыз. Яғни жалғыз ғана сахаба риуаят еткен
хадис. Мысалы: Омар жалғыз өзі риуаят еткен «Амал ниетке қарай...» деген хадис.
2. Нисби (қатысты) ғариб. Егер хадистіңсәнадының алғашқы сатыларында бірнеше
рауи болып, кейінгі сатыда бір ғана рауи болса, ол хадисті «нисби (қатысты) ғариб»
деп атаймыз. Яғни бірнеше адамнан бір ғана адам риуаят еткен хадис. Мысалы:
Мәлик әз-Зуһриден, ол Ибн Әнәстән риуаят еткен хадисте Пайғамбар (саллаллаһу
алайһи уа сәлләм) Меккеге кірген кезде басында رفغم (муғаффар) дулығасы болған
екен. Бұл хадисті әз-Зуһриден тек қана Мәлик риуаят еткен. Қара: фәрд және афрад
دارفلأاو درفلا .
Достарыңызбен бөлісу: