Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет59/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ғассандықтар نويناسغلا – Византияның қарамағындағы Евфраттан Ақаб бұға-
зына дейінгі аймаққа билік жүргізген араб әмірлері.
Ғасы. Аллаһтың бұйрықтарына қарсы шығушы, шариғат заңдарын орында-
удан бас тартушы, күнәһар пенде. صاع «Ғасы» сөзі араб тіліндегі «аси» сөзінен 
алынған. Ол араб тілінде «қарсы шығушы», «бағынбаушы» деген мағыналарды 
береді. Діни әдебиеттерде және кейбір қазақ әдеби шығармаларында да осы діни 
үкімдерге қарсы шығып, күнәһар болған адамға қолданылады. 
«Тоздырған бірер жиде бұрын туып, 
Мен едім жасым үлкен отағасы. 
Арғынның баласынан үлкенмін деп, 
Боларсың, Шеген інім, Алла ғасы» (Құлмағамбет). 
«Тәңірі әмірін тұтса да ғасы, тұтпаса да ғасы, – деп, аңдатқан ол барша құлға» 
(Т.Ізтілеуов). Қара: асылық.
Ғасыл. Бұл сөз қазақ тілінде діни мағынада «иманы ғасыл болды» деген 
тіркесте қолданылады. Яғни «иманына қол жеткізді», «иманын тапты» деген сөз. 
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл тіркестің мағынасын «төбе шашы 
тік тұрды», «иманы тас төбесіне шықты» деп қате түсіндірген. Өйткені бұл тірке-
стегі «ғасыл» араб тіліндегі «хасалә» етістігінен алынған. Ол қазақ тілінде «иеле-
ну», «қол жеткізу», «алу», «табу», «пайда болу» деген мағыналарды береді. Негізі 
ол сөздікте «ғасыл» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы дұрыс түсіндірілмеген.
Ғасылық. Қарсы шығушылық, күнәһарлық. 
Дағдырдың салғанына разымын, 
Ғасылық, күпірлік сөз айтып болмас (Ғашықтық даст.). 
«Ғасылық сөз айтты» деп Тұрмағамбетті діншіл қауым айыптады (Қаз. әдеб. 
тарихы). 
«Кешіргей Алла пенденің ғасылық еткен қатесін» (Қыз Жібек). 
«Ғасылық қылмай сөйлейін, Рақым етелік құдая» (Қыз Жібек). Қара: асылық.


84
Ғаурет. Әурет. Шариғат талабы бойынша өзгелерден жасыру керек дене мү-
шелері. 
«Бетінен басқа әйелдің 
Бар денесі ғаурет» деп, 
«Сазайыңды беремін, 
Жүрмесең еркектен аулақ – деп» (С.Мұқанов, Алдабергенов.). 
«Ши шымылдық құрған соң, 
Іш дәретіңді алдырып, 
Ғауретіңе суды құйған соң» (Қазына).
Ғаусар. Аллаһ тағаланың қияметте Мұхаммед пайғамбарға беретін бұлағы. 
Ауыспалы мағынада да қолданылады. 
Каналдар көзді үйіріп 
Қиялды шыңға ұшты алып, 
Арнаға ғаусар құйылып, 
Қайлалар жатыр ұшталып (Н.Сүлейменов, Жолда.). Қара: Кәусар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет