76
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде «ғазал» сөзі діни, сопылық, диуана
өлеңдерге қолданылатындығы айтылған.
«Бүлкілдетіп әр жерде,
Саулатып тұрған ғазалын,
Қайнатып жатқан қазанын» (М.Жұмабаев, Шығ.).
«Нұсқасыз сөзім жоқ еді,
Қарасаң молда тәліптер.
Осы сөзім ғазалдан» (Базар жырау).
«Диуана осындай ғазал айтып, жиналған жұртты таңырқатты» (Мың бір түн).
Ғазауат. Ғазауат, ғазуа ةوزغلا – соғыс, ғазауат. Сира кітаптарында, көбінесе,
Мұхаммед пайғамбардың өзі қатысқан жорықтар «ғазауат» деп аталады. Қазақ
тілінде жалпы дін жолындағы қасиетті соғыс «ғазауат» деп атала береді.
«Енді Алла тағала сіздің өзіңіздің бүгінгі ғазауат ұрысыңызға қандай нышан
білдірер екен, соны көрейік, – деп тізесінде жатқан Құранды қолына қайта алды»
(Ә.Кекілбаев, Шығ. жин.).
«Айтсын жаршы ғазауат,
Аянарлық болмас жан.
Жарлығына көнбейміз
Жалғыз жігіт бермейміз
Қалғанынша қасық қан» (Ә.Тәжібаев, Поэм.).
Ғази. Ғазы. Алла жолында күресуші, қасиетті соғысқа қатысушы.
«Өлсең шаһид ғазысың, тірі болсаң
Қызметке, берер ажар құдірет кәрім.
Қазақты төрге сүйреп бір жеткізші,
Дін дүние жеміс боп табыстарсың» (М.Дулатов, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: