Мухитдинов на печать indd


Дәрет кіші дәрет және үлкен дәрет болып екіге бөлінеді



Pdf көрінісі
бет65/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Дәрет кіші дәрет және үлкен дәрет болып екіге бөлінеді. Кіші дәрет «зәр 
шығару» деген мағынада, үлкен дәрет «нәжіс шығару» деген мағынада. Осы екеуі-
нен кейін тазалану «іш дәрет» деп аталады. 
«Жатырға зиянды микроб түсіп, түрлі ауру жұқтырмас үшін қайнаған сумен 
ылғи іш дәрет алып жүрген жақсы дейді» (Қ.Өтегенова, Келін. кеңес).
Дәрет намазы. Дәрет намазы – дәрет алғаннан кейін оқылатын екі ракағат 
намаз. Бұл намазды парыз намазымен немесе парыз намазының алдында оқыла-
тын сүннет намазымен бірге ниет етіп оқуға болады. Уқба ибн Амир (Аллаһ оған 
разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бір мұсылман дәрет алып, дәретін көркем 
түрде алып (яғни толық алса) болғаннан кейін тұрып, екі ракағат намазды (шын) 
жүрегімен және жүзін бұрып оқыса, оған жаннат уәжіп болады», – деді», – деген
(Сахих әл-Бұхари).
Дәреті бұзылу – үлкен немесе кіші әжетке отыру, жел шығару, жантайып жа-
тып ұйықтау, құсу, денеден қан кету және т.с.с. шариғатта дәреттің бұзылуына се-
бепші болатын амалдардың орын алуы.
Дәрет сындыру. Дәретін бұзу. Қазақ халқында түзге шығуды «дәрет сын-
дыру» деп те атайды. Бұл адамдардың дәретпен жүруін, олар түзге шығу арқылы 
бойларында бар дәреттерін бұзатындығын меңзеп «дәрет сындыру» деп қолданған-
дығын көрсетеді.
Дәруіш. Сопылық ағымын қолдаушы, рухани жетілуді мақсұт еткен, дүние 
қызығынан безген адам. 
Дәруіш екі түрлі: бірі ел кезіп қаңғырып жүреді, бірі дәруіш орденіне бірігіп, 
шейх басқаратын мекен-жайларда тұрады (ҚҰЭ).
Дәспі. Тәспі. Тәсбиық. Намаздан кейін және басқа да уақыттарда зікір салуда 
қолданылатын әрбір он бір тасынан кейін ерекше тасы бар отыз үш тасты немесе 
әрбір отыз үш тасынан кейін арнайы тасы баржүз тасты моншақ тәріздес құрал. 
«Бір қолында дәспісі, 
Күбірлейді көбісі» (І.Омаров, Шабыт.). 
«Шағырбай тілмаш сенбісің, 
Жандардан шыққан жас пері. 


94
Бір шалы отыр еліңнің, 
Аяғыңды бас бері. 
Әкімге жақын жүретін, 
Жігіт ең жақсы дәспілі. 
Самауырда сыбыр көп, 
Әския күлкі әскелі. 
Қашты деген рас па, 
Ақ патшаның әскері» (Еркөбек ақын, Өлеңд.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет