Дәстүрлі дін. Соңғы жылдары айналымға енген термин. Ол жергілікті ха-
лықтың ата-бабаларынан бері келе жатқан діні мен дәстүрінің қатар өмір сүруі бірі
екіншісін жоққа шығармауы. Бұл термин елде жаңадан пайда болған жат ағымдарға
қарама-қарсы мағынада қолданылады. «Дәстүрлі дін» терминін БАҚ-та, интернет
сайттарында жиі кездестіруге болады.
Діндер дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі діндер – бірне-
ше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет-ғұрыптары, қоғамық қатынас
нормалары мен отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір
сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғы-
сынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерек-
ше құбылыс. Бірақ дәстүрлі діндерге деген әр қоғамда әртүрлі көзқарастар туын-
дауы мүмкін, оған мысал Ресейде дәстүрлі дін саналатын православия Жапонияда
да дәстүрлі саналмауы мүмкін немесе керісіншеде болуы да ықтимал. Ал дәстүрлі
емес діни қозғалыстар-қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтар-
ды, салт-дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп
шыққан діни ағым (http://www.akt.adilet.gov.kz).
Қорыта айтқанда, Ата дініміз бен ұлттық құндылықтар арасына сына қағу-
дың, оларды бірі-біріне қарсы қоюдың салдары ауыр. Біріншіден, бұл – діни құн-
дылықтарды заман талаптарына бәйімдеуге, әсіресе, білім-ғылымды дамытуға
кедергі. Екіншіден, бұл жағдайда мемлекет қауіпсіздігін қорғау, жас ұрпақты мем-
лекетшіл етіп тәрбиелеу де қиынға соғады. Халықтық, яки дәстүрлі дін ұлттық мүд-
де мен мәдениетті жоққа шығармайды және оларды алмастыра да алмайды. Еліміз-
дегі дәстүрлі Ислам дінінің Қазақстан халқы игілігіне, ел бірлігіне қызмет етіп келе
жатқаны – осының айқын куәсі (baq.kz)
Дәуір айналдыру. Қайтыс болған адамның жаназасына дейін жасалатын
салт. Адам бұл дүниеде қарыздарын арқалап кетпеуі үшін артында қалған мұра-
герлері оның қарыздарын мойындарына алып, қарыз даулап келген адамға қайтыс
болған туысқанының атынан қарызын өтеп беретін болған.
«Кісі өліп, ысқат байлап, дәуір жүргізгенде «қаріп-қасерге, жетім-же-
сір» дегіш болуы еді жұрт «садақа, құшыр пітірді қаріп-қасерге бер» деуші еді»
(М.Әуезов, Шығ.).