106
жақтан пайда болатын вертикальды жарық. Фиқһ ілімінде Намаздың уақыттары
тарауында және Оразада ауыз бекіту тарауында кездесетін термин. Шариғат заңы
бойынша, бұл уақыт түннің соңғы бөлігі саналады, сондықтан бұл уақытта таң на-
мазын оқуға болмайды және сәресі іше беруге рұқсат.
Жалған хадис. Мұхаммед пайғамбардың сыртынан теліп, ол айтпаған сөзді
айттыға шығарып айтылған сөз. Хадис ілімінде мұндай жалған сөздерді хадис емес
екендігін баяндау үшін ғана «жалған хадис» деп шартты түрде ғана атаған. Ислам
дінінде өтірік айту үлкен күнәлардың қатарына жатады. Ал Мұхаммед пайғамбар-
дың сыртынан жалған сөйлеудің күнәсі оданда үлкен.Қара: маудуғ хадис.
Достарыңызбен бөлісу: