Мухитдинов на печать indd


Дия ةيدلا – қара: диет. Дозақ



Pdf көрінісі
бет68/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Дия ةيدلا – қара: диет.
Дозақ. Тозақ. 
«Рәсул Алланың бір қыл бойында сақталған адамға оқ өтпейді, қылыш бат-
пайды, дозақ оты харам деген екен!» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
«– Дозақ отынан қорқамын деді, – деді Жүсіп әлейһиссалам» (Н.Рабғузи, Қи-
сас-ул әнбия).
Дуа. Асылы араб тіліндегі ءاعدلا «дуға» сөзінен алынған, қазақ тілінде «шақы-
ру», «тілек ету» деген мағыналарды береді. Қазақ тілінде «дуа» сөзі көп жағдайда 
жаман, жағымсыз мағынада қолданылады. Жағымсыз мағынада «адамды жын-шай-
тандардың көмегімен жолын болдырмау, бақытсыздыққа душар ету, бағын байлау 
үшін жасалатын әрекеттер» дегенді білдіреді. Яғни адамды сиқырлап тастау. Ислам 
дінінде сиқырмен айналысу өте үлкен күнәлардың қатарына жатады. 
«Басыңды дуамен айналдырған. Оңаша алып бір жұма оқыса, дуа қайтады» 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). 
«Ауыспалы, жағымды мағынада «әсер» дегенді де білдіреді. 
Куәсі бар сөздің дуасы бар» (Мақал). 
«Қажымұрат қолына батқан Зылиханың шынтағын да аңғарған жоқ үзілген 
әннің бунағын, сәттік сезімнің дуасын санамен іздеп мең-зең сандалып отырған» 
(Қ.Ысқақов, Тұйық). 
«Сөзі өтімді, басқаларды дегеніне көндіре алатын адамды «аузының дуасы 
бар» деп атайды. Соны аудан басшыларына айтып кетіңіз. Аузыңыздың дуасы бар 
адамсыз ғой» (С.Адамбеков, Көсе.).
Дуагер. Көп дұға жасайтын адам. 
«Жауға шапқанда сізге батагөй, дуагеріңіз болайын» 
(С.Бақбергенов Қан тозаң).
Дуагөй. Айтандары орындалатын, дұғасы қабыл болатын адам. 
«Әкімшілік осы үшеуінің қолында болды. Бұлардың үстінен бақылаушысы 
және дуагөйі Қуанай қазірет болды» (С.Сейфуллин, Тар жол.).
Дуакеш. Адамдарды дуалаушы, сиқырлаушы. Ислам дінінде сиқыр, басқа 
адамдарды дуалау қатты тыйым салынған амал саналады. 
«Ол тауды дуакеш мыстан мекендейді екен» (Т.Нұрмағамбетов, Қарлығаш.).


97
Дулжә. Дулжә ةجلد – түннің соңғы үшінші бөлігінің ортасынан бастап таңсәрі-
ге дейінгі уақыт немесе түннің қараңғылығы. Бұл сөз фиқһ ілімінің «Намаз уақыт-
тары» тарауында кездеседі.
Духа (сәске) намазы ىحضلا ةلاص – күн найза бойы көтерілгеннен дәл төбеге 
келгенге дейін оқылатын нәпіл намаз ىحضلا «Духа» сөзі араб тілінде «сәске» деген 
мағынаны береді. Ол сәске уақытында оқылатындықтан, «духа» намазы деп атала-
ды. Оны екі, төрт және сегіз ракағатты қылып оқуға болады.Әбу Һурайра (Аллаһ 
оған разы болсын): «Сүйіктім (яғни Пайғамбар (с.а.с.)) маған үш нәрсені өсиет 
етті. Оларды өлгенше тастамаймын: әр айда үш күн ораза ұстау, духа намазын 
оқу және үтір (намазын) оқып жату», – деді (Сахих әл-Бұхари). Айша (Аллаһ оған 
разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) духаны төрт ракағат немесе Аллаһ қалағанша 
одан да көп оқитын», – деген (Сахих Муслим). Имам Муслим Әбу Заррдан (Аллаһ 
оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі ракағат духа нама-
зы әрбір дене буынына берілетін садақаның орнына жүретіндігін хабарлаған.
Дұға ءاعدلا – тілеу, сұрау, дұға жасау. Аллаһ тағаладан жақсылыққа жеткізу 
мен жамандықтан құтқаруды өтінетін жалбарыну сөзі. Шариғатта дұға жасау ғиба-
дат болып есептелетіндіктен, дұғаны тек Аллаһқа жасау керек.
«Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса. 
Молла есімін алған жан толып жатыр, 
Не керек ғылым бойға жұға алмаса» (Шал ақын, Өлеңд.).
Қазақ тілінде «дұға» сөзі «дұға бағыштады», «дұға жасады», «дұғада болу», 
«дұға тілеу», «дұға дәмету», «дұға оқу», «дұғасын алу» сияқты тіркестердің құра-
мында кездеседі және діни ортада жиі қолданылатын актив сөздердің қатарына 
кіреді. 
«Ашық аспан астында түн құстарының жан түршігер үндерінен қорқып жа-
тып ол жұлдыздарға қарап көне дұғаны оқумен болды» (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).
«Ахирет жолын білсін деп, 
Беріп едім молдаға. 
Ат қызығын көрсін деп
Мінгізіп едім жорғаға. 
Артында қолған сол залым 
Қылмады дұға молама. 
Не жазығым бар еді
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Дүние. Жер бетіндегі өмір, тіршілік ايندلا «дуния» сөзі араб тілінде «төмен», 
«жақын» деген түбірден шыққан. Діни таным бойынша, Алла тағала бұ дүниені 
уақытша әрі адамдар үшін сынақ етіп жаратқан. Бұл дүниедегі сынақтан сүрінбей 
өткен адам ақыретте мәңілік жаннатта, ал сынақтан сүрінген адам мәңгілік тозақта 
өмір сүретін болады.


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет