88
Ғұмыр. Өмір. Өлшеулі ғұмыр. Діни мәтіндерде Аллаһ тағаланың о бастан
таңдырға жазып қойған шектеулі өмірі «өлшеулі ғұмыр» деп аталады.
«Ауырып тұрған аурып тұрған емес пе. Өлшеулі ғұмырдың өзін қадірлемей-
міз. Темекі, ішімдікпен былапыттаймыз» (Б.Ырзабаев, Ертіс-Жайық.).
Ғұсыл. Ғұсыл لسغلا – ғұсыл алу, шомылу, жуыну. Шариғатта: ғұсыл – жүніптік-
тен, хайыздан, нифастан кейін және басқа да жағдайларда ауызды, мұрынды және
бүкіл денені жуу. Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады. 1. Ұйқыдан тұрған-
да шәһуәт кеткені білінсе; 2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса; 3.
Жыныстық қатынастан соң; 4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда; 5. Ни-
фас бала тапқаннан кейінгі жағдайда; 6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса; 7. Мұсылман
дүниеден озғанда. Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі. Онсыз намаз
оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі ха-
рам (https://kk.wikipedia.org).
Зурға Әбу Абдур-Рахман: «
Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу керек, ал уәди мен мәзи болса,
жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай дәрет ал», – деп айтқанын
естідім», – деген (Сунун әл-Байһақи).
«Ғұсылды, Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да «тәямімді»
қалай
соғуды да үйретеді» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
«Егер ихтиләм болғаннан кейін киімде ешқандай ылғал болмаса, сосын дәрет
алып, намаз оқып болғаннан кейін мәни шықса, оның оқыған намазы дұрыс бо-
лып есептеледі. Себебі ғұсыл тек мәни шыққаннан кейін ғана парыз болады. Сон-
дықтан ол адам намазын қайта оқымағанымен, міндетті түрде ғұсыл алуы керек»
(Р.С.
Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Ғылла. Илла. Себеп. «Ғылла» сөзі усул әл-фиқһ ілімінде қолданылатын тер-
мин. Ол құлшылықтың себебі деген мағынаны береді. Алайда Усул әл-фиқһ ілімін-
де ғылла мен себептің айырмашылығы бар.Ал хадис терминологиясында «илла»
сөзі жалпы тілдік мағынасында «кемшілік», «олқылық» деген мағынада қолданыла
береді.
Қазақ тілінде бұл сөз термин ретінде тек усул фиқһ іліміне қатысты еңбектер-
де, лекцияларда кездеседі. Ал тілдік мағынасымен, яғни «олқылық», «кемшілік»
деген мағыналарда аймақтық сөз ретінде қолданылады.
«Бір жерде ғылла болса, мықтылықты өзіме қайырып бер» (Қаз. тілі. аймақ.
сөздігі).
Ғұшыр. Ұшыр. Үшір. Шариғаттың «Зекет» тарауында кездесетін термин.
«Егіннің зекеті» дегенді білдіреді. Егіннің және астықтың зекеті «ұшыр» және
«ұшырдың» жартысы деп аталады. Ұшыр сөзі араб тілінде «оннан бір» деген мағы-
нада. Яғни жиналған астықтың оннан бірін немесе оннан бірінің жартысын зекет
ретінде
шығару керек болғандықтан, оны ұшыр немесе ұшырдың жартысы деп