100
басқа мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың туған күні маулидті те үлкен мереке
ретінде
қарсы алып, көптеген игі шаралар ұйымдастырады.
Діни оқу орны. Дінді үйрететін оқу орындары.
Ислам дініндегі діни оқу
орындарына медреселерді, мешіт жанынан ашылатын сауат ашу курстарын, мем-
лекеттің лицензиясымен ашылған ЖОО мен медресе-колледждерді жатқызуға бо-
лады.
Діни уағыз. Адамдарға дін тақырыбында сөз қозғап, үгіт-насихат жүргізу.
Оларға діни талаптарды түсіндіруге, шариғат көрсеткен жолды баяндауға арналған
уағыздар. Жалпы, қазақ тілінде «уағыз» деген сөздің өзі дінмен тікелей байланыс-
ты.
Дінсіз. Белгілі бір дінді ұстанбайтын, діни жоралғыларды мойындамайтын,
Құдайға сенбейтін адам. Қазақ тілінде «дінсіз» сөзі ауыспалы мағынада «қатыгез»,
«мейірімсіз» деген мағыналарда да қолданылады.
«Жіберді әлгі қапты жерге атып,
Антұрған
шал дәулетке қалды батып,
Қап жерге түскеннен соң дінсіз кәпір
Арқанды алып кетті жұла тартып» (Абай, Тол. жин.).
Діншіл. Діншіл адам. Дініне берік, шариғат талаптарын толық орындауға ты-
рысатын, өзгенің ала жібін аттамайтын Құдайға сенгіш адам.
«Тәпсірші, дінші сопының кітабын да оқыдым.
Тазартып
талай қоқымын,
Түзеттім дінді шалыстан» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).