108
Жаназа намазын бір топ мұсылман оқыса да, тіпті бір адам оқыса да жет-
кілікті. Яғни жаназа намазының үкімі – парыз кифая. Жаназа намазын көбінесе ер
кісілер оқиды, ал ер кісілер болмаған жағдайда әйелдің оқуына рұқсат беріледі.
Сол сияқты өлікті жуу, кебіндеу және көмудің де үкімі – парыз кифая. Жаназа және
айт намаздарына дәрет алсам, үлгермей қаламын деген қорқыныш басым болған
жағдайда, тәяммум соғып, осы намаздарды оқуға болады. Себебі бұл намаздардың
қазасы өтелмейді. Ал бұл үкім басқа намаздарда қолданылмайды.
Жаназа нама-
зының дұрыс болуының шарттары басқа намаздардың шарттарымен бірдей және
сол шарттарға мына шарттар қосылады: 1) Қайтыс болған адамның мұсылман бо-
луы; 2) Мәйіттің таза болуы; 3) Кебінделуі; 4) Ханафи мен мәлики мазһабтарында
мәйіттің бар болуы шарт, жоқ мәйітке немесе басқа
жерде қайтыс болған адамның
сыртынан жаназа намазын оқымайды; 5)
Ниет ету; 6) Мәйіттің жаназа намазын
оқитындардың алдында тұруы (Р.С.
Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Достарыңызбен бөлісу: