Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет92/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Иғтикаф فاكتعا – Аллаһқа құлшылық жасау ниетімен белгілі бір мезгілді 
мешітте өткізу. «Иғтикаф» сөзі араб тілінде «бір жерде қалу», «тұрақтау», «тұру» 
деген мағыналарды береді. Иғтикаф кезінде табиғи қажеттілігін орындау үшін, сон-
дай-ақ мұсылманның жаназасына қатысу сияқты үзірлі жағдай болмаса мешіттен 
шығуға болмайды. Ислам дінінде рамадан айының соңғы он күнінде иғтикафка кіру 
сүннет амал болып табылады.
Идда ةدع – күйеуі қаза болғаннеажырасқан әйелге сол аралықта басқа ер-
кекпен тұрмыс құруына рұқсат етілмейтін күту мерзімі. 
«Мұсылман еркектің некесінде болған өзге діндегі әйелдің идда мерзімі мұ-
сылман әйелдермен бірдей саналады» (ҚҰЭ).
Идтибағ. Қажылық тарауында қолданылатын термин. Идтибағ عابطضا – 
тауапты бастаған кезде ихрам киімінің бір шетін оң қолтығының астынан өткізіп, 
оң иығын ашып, сол иығын жауып жүру.
Йемен бұрышы يناميلا نكرلا – Қағбаның қара тас орналасқан бұрышына дейінгі 
бұрышы. Тауап жасаған кезде ол бұрышты қолмен ұстау – сүннет.
Ижаб باجيإ - бір істі нақтылау. Бұл термин неке, сауда-саттық сияқты екі та-
раптың келісімі арқылы жүзеге асатын істерді зерттейтін салаларда қолданыла-
ды. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, келісімшартқа отырғанда заттың не құқық 
иесінің айтатын сөзі. Ханафи мазһабында келісімшартқа отырған екі тараптың 
бірінші сөзді бастағанының айтатын сөзі. Қара: қабул.
Ижаза ةزاجإ – рұқсат беру. Шәкірттің белгілі бір пән бойынша сол пәнді не 
кітапты оқытуға ұстазынансәнадымен (тізбегімен) алған рұқсаты. Ислам әлемінде 
білім үйренгенде ұстаздың алдынан өтіп, оның рұқсатын алу дәстүрі қалыптасқан. 
Ижаза алу үшін әр ғылымда әртүрлі шарттар қойылады. Мысалы, Мұхаммед пай-
ғамбар Құран кәрімді сахабаларына үйретіп, олар дұрыс оқуды үйренгеннен кейін 
Құранды басқаларға үйретуге рұқсатын берген. Сахабалар шәкірттеріне, олар өз-
дерінің шәкірттеріне үйрету арқылы біздің заманымызға дейін жеткен. Яғни Құран 
үйренген арнайы рұқсаты бар ұстаздарының тізбегі Мұхаммед пайғамбарға дей-
ін жалғасуы тиіс. Ал хадис ілімінде ижаза «ауызша немесе жазбаша риуаят етуге 
рұқсат беру» деген мағынада қолданылады. Яғни ұстаздың шәкіртіне өзінен есті-
ген және естімеген немесе оқып берген хадистерін риуаят етуге рұқсат беруі. Ха-
дис ілімінде ижазаның бірнеше түрі бар: 1) Белгілі адамға белгілі нәрсені риуаят 
етуге рұқсат беру. Мысалы, менен «Сахих әл-Бұхариді» риуаят етуге саған рұқсат 
беремін. Бұл ижазаның ішіндегі ең дәрежесі жоғарғысы. Бізге осылай жеткен ха-
дисті риуаят етуге, онымен амал жасауға болады және оған ешкім қарсы шықпаған. 
2) Белгілі адамға белгісіз нәрсені риуаят етуге рұқсат беру. Мысалы: менен естіген 
хадистерді риуаят етуге рұқсат беремін. 3) Белгісіз адамға белгілі нәрсені риуаят 
етуге рұқсат беру. Мысалы: мені көргендердің барлығына «Сахих Муслимді» риуа-
ят етуге рұқсат беремін. 4) Белгісіз адамға белгісіз нәрсені риуаят етуге рұқсат беру. 


127
Мысалы: менімен замандас болғандардың барлықтарына менен естіген хадистерін 
риуаят етуге рұқсат беремін. 5) Бар адамға ілестіре жоқ адамға рұқсат беру. Мыса-
лы: пәленшеге және одан кейін туылатынға мынаны риуаят етуге рұқсат беремін. 
Осы аталған соңғы төрт ижаза түрлерін риуаят етуде пікірталас бар. 6) Рұқсат бе-
рушінің өзі естімеген хадистерді риуаят етуге рұқсат беруі немесе алдын ала рұқсат 
алушы естімей жатып оған рұқсат беру. Ижазаның бұл түрін риуаят ету қабыл етіл-
мейді және ол дұрыс емес. 7) Өзіне риуаят етуге рұқсат етілген хадистерді риуаят 
етуге рұқсат беру. Ижазаның бұл түрімен амал жасауға болады. 
Ижмағ عامجإ – бір ғасырда өмір сүрген барлық ғалымдардың бір мәселеге 
қатысты бірауыздан келіскен үкімдері. Яғни ижмағ болу үшін бір ғасырда өмір сүр-
ген барлық ғұламалар арасында пікір қайшылығы болмауы қажет. Сонымен қатар 
ижмағ «Құран мен хадисте келген үкімнің мәні осы, басқаша түсінуге болмайды» 
дегенді де білдіреді. Ижмағ шариғатта Құран мен сүннеттен кейінгі үшінші дәлел 
ретінде жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет