Мухитдинов на печать indd


Илия – Иерусалимнің көне атауы. Арабтар оны «Бәйт әл-Мақдис» немесе  «әл-Қудс» деп атайды. Илм әл-хадис



Pdf көрінісі
бет94/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Илия – Иерусалимнің көне атауы. Арабтар оны «Бәйт әл-Мақдис» немесе 
«әл-Қудс» деп атайды.
Илм әл-хадис ثيدحلا ملع – Мұхаммед пайғамбардың хадистерін зерттейтін 
діни ғылым.
Илла. Усул әл-фиқһ ілімінде қолданылатын термин. Егер шарғи үкімнің 
тағайындалу себебі мен хикметі белгілі болса «илла» деп аталады. Мысалы, ал-
кагольді ішімдіктердің шариғатта харам болу себебі немесе илласы – адамды мас 
қылуы. Ал егер шарғи үкімнің тағайындалуындағы даналықты білмесек, ол тек 
«себеп» аталады. Мысалы, күннің тас төбеден аууы бесін намазының парыз болу 
себебі, бірақ илласы емес.
Әл-Илла әл-қадиха ةحداقلا ةلعلا – «бетіне басатын, ұялтатын кемшілік», 
«олқылық», «сөгу», «масқара қылу», «даттау», «кесірлі олқылық» деген мағына-
ларды береді. Хадис ілімінде «әл-илла әл-қадиха» деп сыртқы көзге байқалмайтын 
хадистің сахихтығына кесірін тигізетін жасырын тұратын себеп. Мұндай себеп ха-
дистің сәнадында да, мәтінінде де болуы мүмкін. 
Илхад. Атеизм.
«Осы орайда айқайға аттан қосып қалу үшін емес, жоғарыдағы олқылықтың 
орнын шамалы болса да толтыру мақсатында дәстүрлі діндер ішінде деструктивті 


129
илхад (ересь) ағымдарды зерттеуші ретінде өз білгенімізді ортаға салуды жөн деп 
білдік» («Жас Алаш»). 
Илһам ماهلإ – аян. Аллаһ тағаланың әулие, тақуа құлдарына беретін аяны.
«Меніңше, бір фатуаға келмес бұрын, қандай илһам болмақ керек екенін ой-
ламағансыз, деді» (А.Сейдімбеков, Серпер).
Имам 1 مامإ – Ислам әлеміндегі барлық мұсылмандар мойындаған, өзінің мек-
тебін қалыптастырған, көптеген шәкірт дайындаған атақты, үлкен ғалым.
«Үйретсін шәкірттерге әуелі иман, 
Ұстаз болсын пән үшін жанын қиған, 
Мағынасын өз тілінде түсіндірсін, 
Білім ап екі жақтан, болсын имам» (Ақмолла, Күндер мен түндер).
Имам 2 مامإ – басшы, намаз оқығанда басқа адамдарға басшы болатын адам, 
мешіттің имамы: мешіттің басшысы. 
«Мешітті басқаратын дін басшысы, жетекші..Қазақтың өзіне арнап жеке мүф-
тилік бере қалса, мүфти, қазы, ахун, имам боларлық молдалар табылар ма?» 
(А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).
«Расул сонда болды имам, 
Отырып намаз қылды хайрул әнам, 
Сахабалар жыласып ұйып тұрды, 
Қысқа-қысқа сүремен қылды тамам» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Имам Ағзам. Ислам шариғатындағы төрт мазһабтың бірі ханафи мазһабы-
ның негізін қалаушы имам Әбу Ханифаға берілген құрметті лауазым. Имам Әбу 
Ханифаны бұлай атау діни әдебиеттер мен басқа да әдеби және публицистикалық 
шығармаларда жиі кездеседі.
«Бұл науқан шариғатқа, Имам Ағзаның өсиеттеріне қайшы келмейтінін 
«дәлелдеді» (М.Шоқай, Таңдамалы).
«Ислам төрт мазһапқа бөлінеді, солардың бірі, «қазақтар да жатады дейтін» – 
имам-ағзам мазһабы» (С.Мұқанов, Шығармалары). 
«Біздің ішімізде шийт те болған жоқ, қазақтар біркелкі сүнни мәзһабының 
ішіндегі Имамағзам Әбу Ханифаның жағында болды ғой» («Жас Алаш»).
«Кәсібі Имам Ағзам сауда қылмақ, 
Оны да кем берді деп еттік өсек. 
Және де түк білмеген надан қояр, 
Міллетке пайда беріп сөйлемесек» (Ә.Найманбаев, Шығармалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет