130
елшісі сенуге бұйырған нәрселердің бәріне шүбәсіз сеніп, мұны іс жүзінде амал-
дармен дәлелдеуді білдіреді. Қазақ әдебиетінде өте жиі кездесетін актив сөздердің
қатарына жатады.
«Иман дегеніміз бір ғана инанбақтық емес,
сен Алла тағаланың бірлігіне,
Құранның Оның сөзі екендігіне, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллалаһү ға-
лайһи уәсәлләм Оның тарпынан елші екендігіне инандық» (Абай, Тол. жин.).
«Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісі-
ге ғибадат парыз деген екен» (Абай, Тол. жин.).
«Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, онан басқа Алла жоқтығы-
на, Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпенен нанбақ» (Ш. Құдайбердіұлы,
Мұсылмандық шарты).
«Иман – қой, ақыл - қойшы,
нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері,
Таяқты
қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері» (Шал ақын, Өлеңдері).
Иман жүзді. Бет әлпетінен иманы, әдебі көрініп тұратын инабатты адам.
Иман келтіру – сену, нану. Сонымен қатар бұл сөз Ислам дінін қабылдады
деген мағынаны да береді.
Имсәк. Ораза тарауында қолданылатын термин. Имсәк كاسمإ – тыйылу, тар-
тыну. Ораза тұтқанда таң атқаннан күн батқанға дейін оразаны бұзатын амалдардан
тыйылу «имсәк» деп аталады.
Инкисар әс-сиһәм. Мирас ілімінде қолданылатын термин. Инкисар әс-сиһәм
ماهسلا راسكنا – үлестің сынуы. Мұрадан үлесі бар бір топтың немесе бірнеше топтың
үлестерінің өзара дұрыс бөлінбеуі. Қара: тасхих.
Иншалла. Ин ша Аллаһ. Инша Аллаһ. Құдай қаласа.
Ислам дінінде бұ дүниедегі барлық іс Аллаһтың қалауымен болады. Сон-
дықтан кез келген істі қолға аларда Аллаһ қаласа деп бастаған ислами әдепке жа-
тады.
«Тағдырға
тәбіл болмас, тәсілім қылдым,
Ісіңді ет одан кейін өзің білген.
Ақына
әмбе өткен әмбияның
Айтқаным иншалла болмас бөтен» (Т.Ізтілеуов, Мәрді дихан).
Ирада. Қалау. Ақида ілімінде қолданылатын термин.
Ислам ақидасы бойынша, Аллаһ тағала кез келген нәрсенің қалай, қашан, қай-
да болатындығын өз қалауы бойынша жасайды және Аллаһтың ирадасында, яғни
қалауында ешқандай шек болмайды. Аллаһ тағала ілім сипатымен барлық нәрсені
толық білсе, құдірет сипатымен мақұлықтардың бар болу мен жоқ болуын қалап
реттейді. Ал ирада сипаты арқылы кез келген нәрсені қалайды. Ал осы қалаған нәр-
131
сені жарату тәкуин сипатымен жүзеге асады (С.Сейтбеков, Иман негіздері).
«Ирада» сөзі қазақ ойшылдарының еңбектерінде де кездеседі. Алла тағала-
ның сифат субутия деген жеті сипаты. Әуел – хаят яғни тірі-ді, біздің ақылымыз
жетпейтін тірлікпен алим болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм
бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар
көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, ирадат тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен
нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин жоқтан бар етуші-ді, кәләм
сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті
тілмен, әріппен, дауыспенен емес (А.Мұқашева, Ыбырай Алтынсарин, Өмірі мен
шығармалары).
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде Аллаһ тағаланың есім-сипаттарына қа-
тысты көптеген термин келген. Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет,
Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкуин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ға-
замат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың
сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим
бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары
бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалай-
ша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж
емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш
сипаттар бірлән тағрифлап
танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ,
бізге мағрифатулла
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды.
...Құдай табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия сипаттары бірлән,
уә тоқсан
тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия
субутия уә фиғлия сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның
екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауы-
ның бірі – хаят. Яғни, тірлік. ...Бірі – тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз
(Абай, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: