128
Илә ءلايإ – ер адамның белігілі бір мерзім ішінде әйелімен төсек қатынасына
түспеймін деп ант беруі. Ислам шариғатының «Азаматтық кодекстерді» зерттейтін
«Әл-Ахуал әш-шахсия» (неке, талақ) тарауында қолданылатын термин.
Иләһи. Құдайлық. Аллаһтың атымен, Құдайдың атымен.
Задында, Құран-Кәрімдегі мүтәшәбих аяттардың мән-мағынасы мұсылман-
дар үшін иләһи сынақ-тын. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
аталмыш аяттарды ашықтамаған, алғашқы ақжал толқын – сахабалар, табиғиндер,
таба-табиғиндер мүтәшәбих аяттарға тафуид, яғни талдау жасамастан, мәнмағына-
сын Хаққа қалдыратын (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
«– Иләһи, әмин! – деді Өстемір әзірет қол көтеріп. Самсаған саусақтың ішін-
де Кәдірбаевтың да қолы бар еді» (Б.Майлин, Азамат.).
«Иләһи әмин, тәңіріңнің құлағына шалынғай... Өмірлі бол, ұлым!»
(Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
Иләһият. Ақида ілімінің Құдайтануға арналған үлкен тарауы.
«Иләһият – хақтану ілімі, Алла тағалаға қатысты міндет (уәжіп), қайшы (мұс-
тахил) және мүмкін (жәйіз) мәселелерді қарастырады» (Р.Батталұлы, Құран эгзеге-
тикасы).
Достарыңызбен бөлісу: