Кез келген астықтың белгілі бір мақсатқа пайдалануға жарамдылығын оның сапалық
белгілерін анықтау арқылы біледі. Ертеде астықтың сапасын білу үшін оны көзбен көріп,
ауызға сап шайнау
арқылы мағұлымат алатын болса, ал қазіргі
ғылым мен техниканың
дамыған дәуірінде әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, өнім туралы мол мәлімет алуға
болады. Сол мәліметтер бойынша оның пайдалануға жарамдылығын айнықтайды.
Астықтың барлық сапалық белгілерін келесідей негізгі үш топқа жіктейді.
1.
Барлық партия астықта міндетті түрде анықталатын сапалық белгілер:
-Жаңалығы (иісі, түсі және дәмі);
- ластылығы;
-ылғалдылығы;
- зиянкестермен зақымдануы;
2. Пайдалану мақсатына байланысты анықталатын сапалық белгілер:
- көлемдік салмағы;
- мөлдірлігі;
- желімшенің мөлшері мен сапасы;
- кене,
қандаламен зақымдануы;
- майлылығы (майлы дақылдарда);
- қанттылығы (қант қызылшасында);
-ірілігі)
- біркелкілігі;
- 1000
дәннің салмағы;
- өнгіштігі;
- өну
энергиясы;
- сорттық тазалығы, т.б.
3. Қосымша сапалық белгілер:
- - қышқылдығы;
- нитраттың мөлшері;
- улылығы;
- күлділігі;
- дәрумендер құрамы;
- микроэлементтер;
- макроэлементтер, т.б.
Астық сапасын анықтау тәсілдері
Кез келген астықты өткізіп-қабылдауда, оны топтастырып, ірі партия құрауда, өнімді
өңдеп тиімді сақтау тәсілін қарастыруда оның сапасын анықтау міндетті түрде атқарылатын
жұмыс. Астық сапасын анықтау тәсілдерін шартты түрде:
- органолептикалық (сезім мүшесінің көмегімен анықтау);
- лабораториялық (инструменттік) – деп екі топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: