Нуржігіт Алтынбеков
147
ұмытып кетуі мүмкін.
Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар:
1. мәңгілік заң (Lex аеtеrnа);
2. табиғи заң (Lех nаturalis);
3. адамдардың қабылдайтын заңдары (Lех һumаnа);
4. Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (Lех
dіvinа).
Мәңгілік заң ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған Дүниедегі
заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты (Аристотельдің тілімен
айтқанда - энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен әулиелерге мәлім. Адам да, әрине,
саналы пенде ретінде болмыстың мәнгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.
Табиғи заң адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен жамандықты
айыруынан шығады. «Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан аулақ бол» деген қағида -
ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең биік құндылығы - өмір. Олай болса, адам
өз өмірін сақтауы керек, ол табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің
қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың
бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы, бәрі де - табиғи, адамның ақыл-
ойынан шығатын нәрселер.
Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар - қылмысқа,
зұлымдықтың қайсыбір түріне карсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-
ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай
құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі. Егер Августин заңдардың керектігін
адамзаттың алғашқы тектік күнәсінан шығарса, Фома Аквинский оны табиғи
қажеттіктен шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің
қайнар көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи заңдардан
адамдардың кұқы құрастырылады. Ал соңғыдан оны нақтылау аркылы азаматтық құық
пайда болады. Мысалы, табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі.
|