Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет128/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   692
қарай дамытуы. 
Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Эвклидтің 
еңбектері мен Плотомейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен Аристотельдың 
шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани 
өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс VII ғасырдың аяғынан 
бастап XI ғасырға дейін созылды. 
Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсак, Абу-
Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің 
биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялык кестелері латын тіліне 
аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды 
астрономиялык есептеулерге алғаш енгізген де - сол кісі.
Цбн-Юнус уакытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Цбн-Афьян - 
алғашкы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді «химия 
ғылымының әкесі» деп атайды. Закария Разидің «Барлығын қамтитын кітабы» да 


Нуржігіт Алтынбеков 
153 
латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған. 
Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны осы 
тарауда талдайтын боламыз. 
ХІ-ХІІ ғасырларда арабтардың барлык игерген мәдениет кұндылықтары Батыс 
Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды. 
Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халыктарының тағдырына, мәдени дамуына 
өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі Орта Азия халықтарының 
бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, 
ислам - көшіп-қонған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде 
отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл 
дін сай келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға 
дейін дамып келеді. 
Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға 
Аль-Кинди (800 Ж.-879 ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдад 
қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген. 
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған 
ғылым саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы 
шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: «Аристотельдің кітаптарының саны және 
философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына 
жөніндегі кітап» т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет