Нуржігіт Алтынбеков 148
Одан «Өлтірме» деген адам кұқы пайда болады. Ал азаматтық құқта нақтылы түрде
адам арам пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқтық жағдайда қаза болды
ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме, зерттелу негізінде әртүрлі жағы
қолданылады.
Қайсыбір заң зұлымдық жолына тосқауыл койып, оны бұзушыларға күш жұмсау,
қамау арқылы, калған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. Сонымен табиғаты
бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы уақытта сырттай оның талаптарына
көнеді, жүре келе ол әдетке айналады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы
да ғажап емес. Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана
емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.
Адам - міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы іргетасты
қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есептеп оны заң арқылы тежеу
мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа адамдарға кеселін тигізетіндерін заң
арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол бүкіл қоғамның
өміріне қауіп туғызады. Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.
Аса көңіл аударатын нәрсе - егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға қайшы
келсе, - ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір заңның негізінде әділеттік жатуы керек,
басқаша жағдайда, біз түгел шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек
жайып кеткен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома
Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне әкеліп тірейді.
Заңның моральдық құндылығы табиғи заңмен байланысты. Әділетсіз заң зорлық-
зомбылыққа жеткізеді.
Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту керек.
Тиранияға қарсы кетерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық зұлымдық қоғамда
жоқ.
Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік формасы жоқ,
ол – тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман билік формасы - ол тирания,
өйткені ол зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі.