Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет192/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
221 
біріктіреді. «Ал мемлекеттік дәрежеге өту, негізінен, Т.Гоббстың «шарт жасау» 
мәселесінде емес, еңбектің бөлінуімен, адамдардың сан алуан кажеттіктерін өтеу 
керектігінен туады», - дейді ұлы ойшыл. 
Қоғамның рухани өміріне тоқтала келіп, Б.Спиноза бұл саладағы
Библияның құндылығын өте төмен бағалайды. Діни құжаттардың қайсысы 
болмасын өте көп қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана қарапайым халықтың 
моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге деген маңызы бар. Ал дүниетанымға келер 
болсақ, оған тек ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады. Діни соқыр сенімді алатын 
болсақ, оның дүниеге келуінің негізгі себебі - қарапайым надан халықтың
табиғаттың қаһарлы, түсініксіз күштерінен қорқуында жатыр. Мысалы, өлім 
мәселесін алайық. Адам қандай амал қолданса да, одан құтыла алмайды,
сондықтан өлімнен үрейленіп қайғыру - босқа уакыт өткізгенмен тең. Өлімнен қорқу 
-құлдықтың бір түрі. Оны ойлағаннан гөрі, адам өзінің күш-қуатын өмірлік 
мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен зардапқа, қайғыға толы өмірі - ол 
тек бүкіл Дүниенің шексіз кішкентай өмірінің бөлігі ғана. «Мұндай ой адамға 
жұбаныш әкеледі», - деп қорытады ұлы ойшыл. 
§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы 
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) XVII ғасырдағы неміс рухы 
туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. Екінші жағынан, ол - 
математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтанушы. Лейпциг университетін бітірген. 
Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерімен айналысқан. 
Университетті бітіргеннен кейін, екі ғылым саласынан докторлык диссертация 
қорғайды (логика мен құктанудан). Аз уақыт дипломатикалык кызметте Париж 
каласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейін, өмірінің аяғына дейін ғылыми 
жұмыстармен айналысқан. 
Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер», «Теодицея», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет