Нуржігіт Алтынбеков
236
Дүниедегі қажеттілік - ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы.
Сонымен қажеттіліктен еріктік тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктін
«екінші түрі» бар. Адам өзіне қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті
түрде Дүние, коғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында, біздің іс-әрекетіміз де,
ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады.
Бірақ адамның ерікті ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз акиқатқа бізді
жеткізетін кұрал - ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой аркылы тек қана табиғатты зерттеп
қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни
қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып
келеді.
Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жок па? Ол ашуланып, я
болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с.
- Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер
Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмак пен
тозак, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уакытқа дейін дұрыс түсінік
жок, - деп корытады А.Коллинз.
Сондыктан әр адам өзінше ерікті ойлау керек, сонда ғана діндегі неше түрлі
бұрмалаулардан кұтылуға болады.
А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни
фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды
діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп,
елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында койған сұрақтары бүгінгі таңдағы
адамзатқа да өзекті мәселе емес пе?
Достарыңызбен бөлісу: