Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет228/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
264 
луы керек. 
Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетілген антиномияларында іргетасты 
философиялық мәселелер көтерілген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан 
тұжырымдар өте өткір түрде берілген, сондықтан оларды диалектикалық тұрғыдан 
шешуге итереді. Оның қойған бұл мәселелерін болашақта Г.Гегель диалектикалық 
тұрғыдан шешуге тырысады. 
Сонымен Жаңа дәуірде И.Кант Қайта өрлеу заманындағы ғалымдардың ілімдерін 
жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың іргетастығын әлемге паш етті. 
Моральдық мәселелер 
Енді И.Канттың теориялық зердесінен өтіп, оның практикалық философиясына 
көшуге уақыт келді. «Практикалық зерде» Деп ол моральдық салаға әртүрлі 
принциптер мен нормалар беретін зерденің кабілетін айтады. И.Канттың ойынша, 
«Еріктіктің негізінде болуы мүмкіннің бәрі практикалық зердеге жатады». 
И.Кант өзінің философиясында моральдық саланы ғылыми салаға қарағанда 
анағұрлым жоғары қояды, өйткені моральдық сала өз-өзіне жеткілікті, автономиялық 
ахуалда өмір сүреді. Мораль адамды дүниеде болып жатқан емес, болуға тиіс 
биіктіктерге итереді. Адамның әртүрлі сезімдерінен шығатын тілек, өзіме ғана болсын 
деген ойдан шығатын іс-қимыл, пайдалықты көздейтін әрекет -мұның бәрі де 
моральдық салада есепке алынбауы керек, өйткені оның бәрі де кунбе-күнгі күйкі 
өмірлік тәжірибеден пайда болады. 
Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзіне моральдық принциптерді 
ұсынады: біз өмірден емес, тек таза моральдық еріктен шығатын нормаларды біз 
басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты парыз этикасы деп айтуға әбден 
болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
265 
Легальдық және моральдық іс-әрекеттер 
Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив 
дейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері 
өмірде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әрқашанда 
өзгерісте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан адамның сыртқы, яғни 
гетерономдық жүріс-тұрысын ғана анықтайды, оның ішкі мотивтерін есепке алмайды. 
Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта 
олармен адал бол», «егер өзіңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. 
Мұндай ережелерге сай жүріс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар 
орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкіндігі де адамға өз әсерін тигізбей қоймайды. 
Мұндай жүріс-тұрысқа И.Кант легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды. 
Императивтердің екінші түрі -ол категорикалық императивтер - оның 
ережелерінің түптамыры моральдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді-кесілді, 
қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмірден алынған 
тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай 
«егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды. Сонымен қатар 
гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, 
соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кісі 
сол үшін сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның іс-әрекеті легальды. 
Ал ондай есеп болмай, тек кана парыздың негізінде, өз өмірін ойламай, басқа 
адамды судан шығарамын, өлімнен құтқарамын деген оймен суға тап берген 
адамның іс-әрекеті -- моральды. Сонымен легальдық пен моральдыктың шекарасы 
адамның ішкі сана-сезімі арқылы өтеді екен. 
Енді сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалык императивін 
талдайық. Ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс-тұрысыңның ережесі бүкіл 
адамзаттың талабына сай келсін», яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, 
ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет