Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет28/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
29 
Егер Дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда философияда 
материалистік ағым пайда болады. 
Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан дүниесі, я болмаса 
дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда философияда 
идеалистік ағым пайда болады. 
Егер Дүние субстанциясының екі ажырамас - материалдық және рухани - жағы 
бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда реализм бағытын тудырамыз. Тек 
қана бұл ұғымды орта ғасырлардағы схоластикалық философияның жалпы ұғым 
жөніндегі реализмінен айыруымыз керек. 
Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі - Дүние субстанциясы екеу - 
материя және рух және олар бір-біріне тәуелсіз деген пікір. Мұны алғаш рет 
философия тарихында француз философы Р.Декарт айтқан болатын. Мұндай 
көзқарасты біз дуализм бағытына жатқызамыз (dualis — латын сөзі, екіжақтылық). 
Ал жоғарыдағы үш Дүниеге деген көзқарас монистік бағытта болмақ (mоnо - грек 
сөзі, біреу). 
Дүниеге деген материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық 
кұбылыстарды дене, я болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері ретінде 
қарайды. Сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін материалистік 
философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып) 
материя жөнінде әртүрлі пікірге келгенменен, жоғарыдағы көрсетілген көзқарастан 
тайған жоқ. 
Материалистік көзқарастың негізінде сонау көне заманда пайда болған 
адамдардың жағалай қоршаған ортаның адамнан тәуелсіз, өзімен-өзі өмір сүріп 
жатқаны және сол Дүниедегі заттар мен құбылыстар жөніндегі адамның түйсіктері 
мен басқа қабылдау мүшелерінің дұрыс дерек беретіндігі жөніндегі алғашқы балама 
ойлары жатыр. Сондықтан алғашқы философтар Дүниенің негізін «бірінші заттан» (су, 
от, ауа т.с.с.) іздейді, ал адамның өзі де дене ретінде ғана қаралады. Ал адамның жан 
дүниесіне келетін болсақ, оның өзін тыныспен теңестіріп «жеңіл зат» ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет