Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет26/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

антропологиялық жағын көрсетеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
27 
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқандай, «адамның өзі Дүниедегі 
орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның 
басындағы шашты есептеуден де қиын». Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде 
макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылдарының ойында үлкен сыр 
жатса керек. 
Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз 
байланысты болып, белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен 
дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарды толыққанды суреттей аламыз. 
Алайда әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе оны зерттеудегі 
ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әлбетте, солай болады да. 
Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына 
(онтология), тәрбие мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық 
философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика және 
математика салаларының өкілдері таным философиясына (гносеология), өндіріске 
жақын әртүрлі техникалық мамандар иесі іс-қимыл философиясына (праксиологиялық 
философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені атап өткен философия салалары 
олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның өзі 
философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әрқашанда олардың 
өзара бір-бірімен байланысын мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда 
ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның 
белгілі бір саласын толығынан бөліп алып карасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар 
саласына қарай жылжып, өзінің философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке 
ғылымдар саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін сақтап қалуы үшін, 
«Адам мен Дүниенің» шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет