Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет27/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бүл философияның ерекшелігі оның негізгі 
мәселесін шешу арқылы анықталады. 
§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы 


Нуржігіт Алтынбеков 
28 
Бүгінгі таңда жаңарудағы қоғамның философиялықәлеуметтік мәселелерін қою 
және шешу жолында бұрынғы кеңестік қоғамның идеологиялық негізі болған 
марксизмді сырттатуда философияның негізгі мәселесін де жоққа шығарғысы 
келетін пікірлер аз емес. Әрине, маркстік философияның шеңберінде «негізгі 
мәселе» тек қана диалектикалық материализмді дәріптеуге, қалған философиялық 
бағыттарға «бейғылымдылық» баға беру жолында пайдаланылды. 
Бірақ, соған қарамастан, біз философияның негізгі мәселесі марксизмнің ойлап 
шығарған «жалған мәселесі» деген ойдан алшақ болуымыз керек. Өйткені философия 
дүниеге келісімен-ақ, оның шеңберінде әртүрлі бір-біріне қарсы бағытталған ағымдар 
пайда болды. 
Философиядағы әрбір дүниеге деген көзқарастьң негізінде осы пәннің негізгі 
мәселесінің шешімі жатыр. 
Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. Дүниенің 
біртұтастығын, бірлігін ой-өрісімен қамту үшін, біз мына сұраққа жауап беруіміз керек: 
Дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substаntіа - латын сөзі, негізінде
астында жатқан). 
Екінші жағынан, бұл Дүниені ең шегіне жеткен жалпылық тұрғысынан алып 
қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз: оның бірі материя (mаtеrіа - латын 
сөзі, зат) - табиғат заты, екіншісі - сана - адамның ішкі жан-дүниесі, рухы. 
Жалпы айтканда, жоғарыда көрсетілген үш ұғымда Дүниені зерттеудегі негізгі үш 
идея берілген. Ол - Дүниенің бірлігі, екіншіден - оның заттық субстраты (substrаtum - 
негіз), үшіншіден адамның өз ішінен табатын материалдық емес, рухани тебіреністері. 
Келесі ерекшеліктері - бұл ұғымдардың метафизикалық табиғаты, яғни оларды 
жеке ғылымдардағы ұғымдар сияқты тәжірибе арқылы тексеру мүмкін емес, өйткені 
олар бүкіл әлемді өз мазмұнында қамтуға бағытталып, бүкіл адамзат тәжірибесінің 
сыртына шығып, тек болжамдық мағынаға ғана ие болады. 
Олай болатьн болса, қайсыбір философиялық ағым, қалай дегенде де, бұл 
ұғымдардың арақатынасын өзінше анықтамай, әрі қарай бір қадам аттай алмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет