Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет295/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
336 
2. Батысшыл бағыт ұстаған ойшылдар көзқарастарының ерекшелігі. 
3. В.С.Соловьевтің философиясының негізгі ұғымы. 
4. В.С.Соловьевтің танымдағы көрсеткен үш тәжірибе түрі. 
5. В.С.Соловьевтің моральдық философиясындағы «ар-ұждан», «ұлт», «пір 
тұту» категорияларының бір-бірінен айырмашылығы. 
6. Л.И.Шестовтың экзистенциалдық философиясы. 
7. А.Н.Бердяевтің философиялық көзқарастары. 
8. А.Н.Бердяевтің философиясындағы еріктік мәселесі. 
9. Орыс философиясындағы діни антропологиялық ойлар (С.Н.Булгаков, 
С.Л.Франк, Н.О.Лосский). 
10. Ғарыш философиясы (К.Э.Циолковский, Н.Ф.Федоров, А.Л.Чижевский). 
11. В.И.Вернадскийдің «ноосфера» ұғымының ерекшелігі. 
12. Н.К. Рерихтің мистикалық философиясы. 
Рефераттар тақырыптары: 
1. Ресей философиясындағы славянофилдер мен батысшылардың бір-бірімен 
күресі. 
2. В.С.Соловьевтің философиялық көзқарастары. 
3. Н.А.Бердяевтің философиясы. 
4. В.И.Вернадскийдің ноосфера идеясы. 
5. Ғарыш философиясы және оның негізгі өкілдері. 


Нуржігіт Алтынбеков 
337 
XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия 
§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері 
Көне гректердің айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның 
өзі өмірдегі күнбе-күн кездесетін айқын да түсінікті құбылыстардан туындамайтыны 
баршаға мәлім. Таңғалатын құбылыс сиқырлығы мен көпқырлылығы, әсемділігі мен 
орасан зор күш-қуаты, я болмаса ерекше нәзіктігімен көрініп, адамның жан дүниесінде 
ерекше із қалдырады. 
Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер кеп. Оған біз жастық шағымызда 
тоймаймыз. Есейе келе, олардың көбі үйреншікті нәрселерге айналып кетеді де, көп 
адамдар, өкінішке қарай, сол ғажап қасиетінен - дүниеге таңғалудан - айырылып 
қалып, өз руханиятын жүдетеді. 
Философиялық деңгейге көтерілсек, бұл дүниеде мәңгілік адам таңғалатын 
екі-ақ құбылыс бар. Оның бірі - әлем, барлык, өмір сүріп жатқан Дүние болса, 
екіншісі - өзіндік сана-сезімі, ішкі рухани өмірі бар адам болмақ. Біріншісі - 
құшаққа да, ой елегінің ауқымына да сыймайтын шексіз де мәңгілік Әлем, Дүние, 
Ғарыш болатын болса, екіншісі ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда 
атом сияқты, бірақ өзінің нәзік жан дүниесі бар адам. Біреуі - макрокосм, екіншісі 
- микрокосм. Адам кіші әлем ретінде үлкен әлемге - Ғарышқа тең. Бүкіл ғарыштың 
барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған. 
Міне, философия, негізінен алғанда, осы екі құбылысты бір-бірімен салыстырған 
кезде, адамның ғарыштағы орны мен рөлі жөнінде ойланған кезде пайда болады. 
Ал ол - саналы пенде -адамға тән нәрсе. 
Сондықтан, көркемдеп айтсак, осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген 
белгісіз түрік бабамыз алдындағы жаткан дүниеге таңғалып, сол жөнінде алғаш 
рет ойланып, ондағы адамнын орны қандай екен деген сұракты өз алдына койған 
кезде. сол сәтте отандық философия бұлағынын көзі ашылды десек те болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет