Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет298/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
340 
касиет етуді талап етті. Сондықтан беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-
ке келгенде батырлықты армандап, біздің бабаларымыздың көбі 20-25-інде елін аман 
сақтау жолында өмірлерін қия білген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы 
ұлттық қасиетті бүкіл әлемге айқын көрсетті. Қазақ халқының дербестігін көтере 
алмай жүрген кейбір арам пиғылды саясаткерлер оны білуі кажет. 
Сегізіншіден, көшпендінің өмірі қысқа, өне бойы қауіп-катерлерден, 
соктығыстардан тұрғаннан кейін, ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, өмірден алудан 
гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді тойдуманға айналдыру, өзін шешен сөзбен, 
даналыкпен көрсете білу, неше түрлі сайыстарға қатысу, «бір сырлы, сегіз қырлы 
болу» - бабаларымызға тән нәрселер болған. 
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық қиналғандарға 
риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі. 
Оныншыдан, көшпенділердің негізгі құндылыктарының бірі - ата-ананы, 
үлкендерді сыйлауы. 
Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-
қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ 
философиясының ерекшелік-теріне тоқталуға мүмкіншілік пайда болды. 
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық 
(дүниетаным) мәселелерден гөрі, адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. 
Екіншіден, адам мәселесі, казіргі тілмен айтқанда, көбіне экзистенциалдық 
тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын еске түсірсек, түсінікті де болар. 
Үшіншіден, отандык философияда абстрактілі-теоретикалық жүйелер жасау өте 
сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-
тұрысын сараптауға, яғни практикалык мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. 
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен 
жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең 
талдаулар жасалады. 
Бесіншіден, коғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет