Нуржігіт Алтынбеков 333
в) биосфераның ноосфераға өтуі (В.И.Вернадский);
с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту ( Н.Ф.Федоров);
д) күн мен биосфераның ажырамас байланысы ( А.Л. Чижевский);
е) сананың ғарыштық дамуы ( Н.К.Рерих); т.с.с.
К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесі ретінде
кеңінен таныс. Сондықтан біз оның ғылыми-техникалык идеяларын қарастырмай,
тікелей оның философиялық көзкарастарына көшеміз. Оның ойынша, адам - ғарыш
өмірінің бір бөлігі, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерістермен
тығыз байланысты. Әрине, мәңгілік Ғарышқа қарағанда, жер бетіндегі адамзат әлі
өте жас. Дегенмен болмыста пайда болып, белгілі бір уақыт келгенде жер бетіндегі
байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмірден кетуі мүмкін. Бірақ, сонымен
қатар, егер ғылымның дамуының негізінде адам Ғарышпен байланысқа түсіп, зат
пен күш-қуаттың жаңа түрлерін игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып,
өлместік дәрежесіне көтеріледі, - деген батыл пікір айтады.
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлік және космостық өмір сүруін бір-бірінен
айырады. Жер бетіндегі өмір сүру - адамзаттың «сәбилік шағы», сондықтан ол кемеліне
келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта
өмірдің теріс жақтарының бәрі жойылып, қуаныш пен жетілгендік, шығармашылық -
өмірдің негізгі жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап
етіп, сатыларға бөлінеді:
а) адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында жер бетін толығынан қайта өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңістікті игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейін алыс Ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертіп, ашық Ғарышта өмір сүре алатын
дәрежеге келуі.
Сонымен егер Н.Коперник өз уақытында жердің Ғарыштағы ерекше орны жөніндегі