Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет291/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   692
§ 4. Ғарыш философиясы 


Нуржігіт Алтынбеков 
332 
Ғарыш философиясы деген кезде, біз екі нәрсені айтуымызға болады. Біріншіден, ол - 
дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; 
екіншіден, адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді 
игеріп, өзінің ықпалын бүкіл ғарышқа тарата ала ма ? 
Бірінші сұраққа кайсыбір ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екінші 
сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен алғанда, орыс философиясы 
болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының ерекшеліктерінің біреуіне 
жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Ал енді оның өзінің де себебі бар шығар. 
Біздің ойымызша, Алтын Орда мемлекетінің қысымынан кейінгі Ресей қоғамының 
Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпілуі (бірнеше ғасырдың шеңберінде Еділ 
өзенінің ар жағынан сонау қиыр Шығысқа дейін жетуі), өлшемсіз кең-байтақ жерде 
мемлекеттігін құруы, ұлттық ой-өрісті де кеңейтіп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. 
Мүмкін, басқа себептер де болған болар. 
Еуропа ой-өрісінде ғарыш жөнінде христиандық антропоцентрлік көзқарас ғасырлар 
бойы өмір сүрді. Оның негізгі қағидасы: адам - жаратылған дүниенің ең биік шыңы, жер 
болса - ғарыштың ортасы. 
Коперник мұндай көзқарасқа төңкеріс жасайды: ғарыштың ортасы - жер емес, күн. 
Ғарышта тек жерде ғана өмір бар. Дж.Бруноның шексіз ғарыш пен өмір жөніндегі 
ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуірдегі ғылымда ғарыш механикалық-физикалык 
объект, сансыз атомдардың өрісі деген пікір қалыптасты. 
Енді, міне, орыс философиясында 18 ғ. бастап, антропокосмизм идеялары пайда 
болып дамиды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле 
бастайды. 
Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негізгі идеялар: 
а) ғарыштағы адамзаттың өлместігі (К.Э.Циолковский); 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет