Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет297/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
339 
Негізінен алғанда, Жаңа дәуірге - машиналық индустрия пайда болғанға дейін - 
қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы - көшпенді мал шаруашылығы 
болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы 
іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды талап етті, 
қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты, ешқашанда табиғаттың патшасы 
болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту максатын өз алдына қойған жок. Сондықтан 
ежелден қазақ халқының, қазіргі тілмен айтканда, экологиялық санасы биік деңгейде 
болған. 
Екіншіден, біздің бабаларымыз тұрақты бір жерге байланбағандықтан ерікті 
болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерінде ешқашанда кұлдық 
болмаған. 
Үшіншіден, негізінен алғанда, көшпенділік тендікті талап етеді, оған тән саяси 
формалар - соғыс демократиясы, әрі кеткенде, алғашкы феодалдық қатынастар, 
дамыған феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ, ол көшпенділік 
шаруашылық формасының табиғатынан шығады. 
Төртіншіден, көшпенді халықтың арасындағы әлеуметтік айырмашылықтар аз 
болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы. Сондықтан да бүгінгі 
таңда жүріп жатқан қайта әлеуметтік топталу - рестратификация - (аса байлармен 
қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесінде ауыр 
жарақаттар қалдыруда. 
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі, ар-намысты жоғары ұстау - бұл да 
халықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз 
байланысты бар нәрсеге қанағат ету де -қазақка тән нәрсе. 
Алтыншыдан, үжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау - ол да 
көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық. 
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында әрқашанда неше түрлі 
қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келеді, ол ерлікті, батырлықты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет