Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет299/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
341 
әділеттілікке көбірек назар аударылады. 
Алтыншыдан, отандық философияны аксиологиялық философия десек те 
болғаны, өйткені онда құндылық әлеміне зор көңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай 
түсіп, отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. 
§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсініктер 
Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін 
көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздардан бай халықтарға 
үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне 
бойы көшіп-қонып жүрген халыктың бір ғана байлығы болды - ол оның тілі, 
бабалардан келе жаткан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа 
ғана жарык көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. 
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға 
ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, Негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол 
неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бак, 
құт пен зардап, жарық пен караңғы, жылы мен суық т.с.с. 
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне 
жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан дүние - ол Жер мен Су 
әлемі, ал өлгендерің паналайтын орны - ол Жерасты әлемі. Білге қаған мен 
Күлтегіннің құрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша 
суреттеледі: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам 
баласы жаратылған...» 
Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде калыптасқан айнала 
коршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен 
үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса керек, өйткені 
олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен караған, 
ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет