Нуржігіт Алтынбеков 675
бекзаттық сәулеттік өзегі бар. Адам тұлға ретінде басқа адамдармен неше түрлі
қарым-қатынастарға түсіп, соған бейімделгенмен, өзінің рухани өзегі арқылы
Құдаймен байланысты болып, өмірдің теріс жақтарына тойтарыс бере алады.
Ж.Маритеннің көркемдеп айтқанындай, «тұлға ретінде жұлдыздардың ықпалында
болсақ, персона ретінде оларға иеміз».
Діни философиядағы аса ірі тұлға - Пьер Теяр де Шарден. Оның еңбектеріндегі
негізгі идея - Ақиқат пен Сенімді, Дін мен Ғылымды қазіргі өмірге сай етіп ұштастыру
керектігі. Ол христиан дінінің негізгі қағидаларын жаңарту жолында мынандай
мәселені көтереді: Бұл Құдайдың жаратқан Дүниесін адам дайын түрде қабылдады ма,
я болмаса ол әлі жаратылу үстінде ме? Егерде ол дайын түрде болса, адамға еш нәрсе
істеу керек емес, ол тек осы ғажап дүниеге тамсана қарап отыруы керек. Бірақ бүл
Дүние кеңістік пен уақыттың шеңберінде берілген, яғни ол өне бойы өзгерісте, ол
әлі жаратылу барысында. Олай болса, адам саналы пенде ретінде осы жаратылу
үрдісіне белсенді түрде қатысып, оны көркейтіп, өзгертуі керек. Адамзаттың саналы
түрде қоршаған ортаны өзгертуі жер бетінде ноосфераның (ақыл-ой арқылы
өзгертілген жер беті) орнауымен байланысты. Ал мұның өзі адамзаттың ғарыштағы
өмір сүруінің терең мән мағынасы болмақ.
Ойшыл өзінің онтологиялық көзқарастарында Дүниенің тек қана материалдық
құрамын (тангенциалдық күш-қуат) мойындап қана қоймай, оның дербес рухани
(радиалдық күш-қуат) жағын да құптайды. Ол христиандық тұлғалық Құдай емес, ол -
бүкіл дүниені алға тартатын, күрделендіретін таза рухани күш. Соның арқасында
Дүниеге тіршілік келіп, адамның өзі пайда болды.
Ресейдің ұлы ғалымы Н.Моисеев рухани дағдарыстағы адамзат жер бетіндегі
тіршілікті аялап, өзімен бірге әрі қарай үндесті түрде дамытса (коэволюция) ғана
бүгінгі цивилизация өмірде қалады. Егер ол бүгінгі таңдағыдай тек қана табиғаттан ала
берсе, жер бетіндегі тіршілікті арандатса, онда ол құрдымға кетуі мүмкін деген ой
тастайды. Үнді елінің ұлы қайраткері М.Ганди адамзаттың рухани тазаруында жер
бетіндегі әрбір тұлғаның қатысы бар екенін, ол үшін зұлымдыққа қарсы тұрып, оны