Нуржігіт Алтынбеков
105
Сонымен Дүниенің алғашқы негіздері материя
мен форма болатын болса, олар
қалайша бір-бірімен қосылып нақтылы заттарды тудырады? Бұл сұрақты шешу
жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар «мүмкіндік». Бұл
ұғымдарды ол материя және формамен тығыз ұштастырады. Материя тек белгілі
бір заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ, ол - шынайылық.
Сондықтан форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Мысалы,
кірпіш - саздың формасы, сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі, ал саз - кірпіштің
мүмкіндігі. Сәби - болашақ ересек адамның мүмкіндігі. Сонымен қайсыбір Дүниеге
келу -мүмкіндіктің шындыққа айналуында. Жоқтан еш нәрсе пайда болмайды.
қайсыбір козғалыстың қайнар көзі Дүниенің сыртында емес,
заттардың ішкі
мүмкіндіктерінде.
Материалдық және формалдық себептерден басқа Аристотель әрекеттік және
мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді. Расында, белгілі бір нәрсенің Дүниеге
келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске асады. Ал Дүниеге келген зат не үшін келді
деген сұрақ заттың мақсатқа лайықтылық себебін көрсетеді. Оны Аристотель
энтелехия (еntеіесһіа - бітімге келген, кемеліне келген, грек сөзі)
деген ұғым арқылы
көрсетеді.
Енді соңғы үлкен мәселе, оны қазақ дүниетанымы тұрғысынан қойсақ, бұл
жалған Дүниенің неге барлық жағы тең емес, оймен сәйкес келмейді? Аристотель бұл
мәселені материя категориясы арқылы шешеді. Материя - енжар,
кертартпа зат,
сондықтан формамен қосылған кезде табиғаттың қажеттілігі, кездейсоқтық пайда
болады. Сондықтан бұл Дүниеде еш нәрсе
мақсатқа лайыкты дамығанымен, өзінің
ішкі энтелехиясына толығынан сәйкес келмейді.
Дүние, өмір және адам мәселелері
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылай «ай астындағы
Дүниеге», яғни оның натурфилософиялық
көзқарастарына келер болсақ, онда бұл
Дүниенің бұрынғы философтар айтқан төрт стихиясына қайтадан ораламыз.