Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының инфекциялық ауру-



Pdf көрінісі
бет41/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

 
Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының инфекциялық ауру- 
ларға қарсы күрес жүйесіндегі маңызы. Инфекциялық ауруларға қарсы 
шаралар кешенінде, ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын 
алады. Малды дұрыс бағып-күткенде, жайылымын, суаты мен азықтанды-
рылуын, қора-жайын тиісті талаптарға сәйкес жолға қойғанда ғана инфекция-
лық ауруларды дауалау және одан арылу шараларын тиімді жүргізуге 
болады. 
Фермадағы сиырды көктем айларынан бастап лагерге шығарып, қора-
жайды мал қиынан ерте тазартып, оны жаз айларында тиімді санациялау, мал 
шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру, малды бруцеллезге, 
туберкулезге тексеру мен топалаңға, қарасанға, т.б. ауруларға қарсы 
иммундеу де ұйымдастыру-шаруашылық шараларымен тығыз байланысты. 
Инфекциялық ауруға шалдыққан малды табыннан, отардан бөліп алып, 
оқшаулау, күту, сою, мал өнімдерін зарарсыздандыру, карантин мен шектеу 
шараларын орындау, еңбекақы төлеу, сонымен қатар аурудың шығуынан 
туындайтын мәселелер де ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табу керек.


68 
Адам мен жануарларға ортақ инфекциялық ауру малды күту үшін 18 
жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті немесе емшекте баласы бар әйелдер 
жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары 
болуы тиіс. Ұйымдастыру мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы 
жұмыс киімдерімен жабдықтау, еңбекті қорғау т.б. да жатады.
Инфекциялық ауруды дауалаудың басты шарты – малды дұрыс бағып-
күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, мал айдау трассаларында, 
суаттарда санитариялық реттіліктерді және зоогигиеналық талаптарды 
бұлжытпай орындау болып табылады. Аталған шаралар жануарлардың 
ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушысымен 
жанасуына жол бермеуге де бағыттталған.
Ұйымдастыру шараларының басқа бір міндетті бөлігі – жұқпалы ауру- 
лардың жұғу, таралу және одан сақтану жолдарын насихаттау. Бұл жұмысты 
ветеринария органдары жүйелі түрде, ақпарат құралдарын пайдалана отырып 
әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізулері қажет. Фермерлер, жеке сектор-
дағы мал өсіретін адамдар малда тез тарайтын инфекциялар (аусыл, шешек, 
бруцеллез, т.б.) клиникалық белгілер байқалғанда немесе індет ошағы деп 
жарияланған территориядан малдың сыртқа шығуы т.б. карантиндік шарттар-
дың дұрыс орындалмауын көргенде, бұл жайында ветеринариялық мекеме-
лерге хабарлаулары тиіс. Информацияның құпиялығы ветеринария маман-
дары тарапынан сақталуы шарт. Бұл орайда, экономикасы өркендеген мем-
лекеттерде информацияны нақты, дұрыс берген адамдардың материалдық 
жағынан қаржыландырылуы қарастырылған. Хабарламаның бұндай түрі 
індеттің таралуын дер уақытында тежеуге себебін тигізеді.
Аналық малды өз төлінен жетілдіру (өсіру) немесе сырттан әкелінген 
асыл тұқымды тайыншалар арқылы табынды толықтыруға байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет