69
Практикада қалыптасқан дауалық карантиндеу жүйесінің олқы-
лықтары, жетілдіру жолдары. Бiздiң жүргiзген iндеттанулық зерттеу
нәтижелерiмiзге қарағанда, лейкоздан, бруцеллезден, басқа да инфекциялық
аурулардан сау шаруашылықтарда аурудың пайда болуына,
аналық мал
ретiнде сырттан әкелiнген тайынша, құнажындар себеп болады. Аурудың
жiтi өршуiне буаз малдың организмiндегi болатын физиологиялық өзгерiс
табиғи түрткi болады. Осындай жағдайды ескерiп, шаруашылықта сырттан
қабылданған аналық мал болса, олардың бiрiншi туытқа дейiн оқшауланып,
бөлек табында ұсталғаны, оқшауланып ұсталған жағдайда – құнажын кезiн-
дегi және бiрiншi рет бұзаулағаннан кейiнгi
серологиялық тексерулердiң
нәтижелерi арнайы құжаттардан анықталады. Практикада шаруашылыққа
аналық мал табынын құрау немесе толықтыру мақсатында сырттан жаңадан
әкелінген малды жалпы табынға қосардан бұрын 30 күн дауалық карантинде
ұстап, бұл мерзімде карантиндегі мал инфекциялық ауруларға (бруцеллез,
туберкулез, лептоспироз, лейкоз, т.б.) серологиялық, аллергиялық, клини-
калық әдістермен тексереді. Ауруларға теріс нәтиже алынған жағдайда ғана
жалпы табынға қосылады.
Кеңес дәуiрiнде қалыптасып, бүгiнгi күнге дейiн
сырттан әкелiнген мал арасынан жұқпалы аурулардың алдын алуға 30 күндiк
дауалық карантиндеу жүйесi қолданылып келедi (Ветеринарное законо-
дательство, 1973; Инструкция по борьбе с бруцеллезом, 1996, 2000, 2004).
Алайда инфекциялық аурулардың балауында қолданылатын әдістер
әркез бұл мерзімде ауруға шалдыққан малды (ауру қоздырушысын жасырын
алып жүргендерін) толық анықтамайды. (Қасымов Е.И., 2003).
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы «Киров»
шаруашылығына аналық мал табынын толықтыруға әкелінген 20
құнажын
бірінші бұзаулауға дейін оқшауланып ұсталып, арнайы шаралар ветерина-
риялық талаптарға сәйкес жүргізілді. 30 күн ішінде жүргізілген 2 реткі
серологиялық зерттеу бруцеллезді тиімді дауалай алмады (4-кесте).
4-кесте. Шаруашлылыққа сырттан әкелінген аналық малды түрлі
тәсілдермен дауалық карантиндеу нәтижелері
Зерттеу реттілігі №
Мал
саны
Серологиялық реакциялардың оң нәтижелері
АР
КБР ҚҰБР
РБС СР
Барлық
әдістер
мен
Бақылаулық
тәсіл схемасымен зерттеу
1. (Алғашқы айда)
20
-
-
-
-
-
-
2. (Алғашқы айда)
20
-
-
-
-
-
-
Жаңа тәсіл схемасымен зерттеу
3. (буаздықтың 2-3
айлығында)
20
-
-
-
-
-
-
4. (буаздықтың 4-5
айлығында)
20
-
-
-
-
1
1
70
5. (буаздықтың 6-8
айлығында)
19
1
-
1
-
2
2
6. (бұзауланғаннан 15
күн өткенде)
17
-
-
-
-
-
-
7. (бұзауланғаннан 30
өткенде)
17
-
-
-
-
-
-
БАРЛЫҒЫ
1
-
1
-
3
3
Ал, дауалық карантин мерзімін ұзартып, малды буаздық кезеңінің екінші
жартысында қайталап қатарынан 2 рет тексергенде зерттелген 20 малдың 3-
інен реакциялар кешенімен бруцеллезге шықты. АР, ҚҰБР-мен анықталған
екеуінің балауы СР-мен расталынып, соңғы әдіспен қосымша 1 мал ауруға оң
нәтиже көрсетті. Бұзауланған 15 күн өткеннен кейін және 15 күн аралатып
зерттегенде теріс нәтиже алынды.
Сырттан әкелінген мал арасынан бруцеллездің шығуына байланысты
олар 6 ай бақылауда болып, әр 3
айда екі реттен зерттелгенде, бруцеллезге
теріс нәтиже алынды. СР-ді қолданғаннан кейін бақылау мерзімін практикада
пайдаланылатын нұсқаудағыдай 6 айға созудың қажеті болмады.
Біздің зерттеулерімізде шаруашылыққа сырттан әкелінген аналық малды
дауалық карантинде 30 күн ұстап, алынған теріс нәтиже бойынша табындарға
қоспай, дауалық карантинді бірінші бұзаулауға дейін ұзартып, бұл аралықта
қатарынан 2 рет (буаздықтың екінші жартысында, бұзауланғаннан кейін әр
15 күн сайын) серологиялық зерттеу арқылы індеттен сау сиыр шаруашы-
лығын бруцеллезден тиімді дауалауға болатыны дәлелденді. (Алдын ала
патент №12050, 2001).
Бұндай жағдай, практикада қолданылатын 30 күндiк дауалық
карантиндеу мерзiмiнiң негiзделмегенiнен туындалған.
Бұл мәселе тек
бруцеллезде ғана емес, басқа да созылмалы түрде өтетін ауруларды (лейкоз,
туберкуллез, лептоспироз т.б.) дауалауда ұйымдастыру-шаруашылық шара-
лары тұрғысынан тиiмдi шешiмiн табуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: