Керекті құралдар. Антикоагулянттар жиынтығы, оларды қолдануға
арналған құрал-жабдықтар, кеміргіштер көрсетілген арнайы плакаттар,
слайдтар, фильмдер.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедрада және түрлі шаруа-
шылық субъектілерінде жүргізіледі.
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша дайындалып келулері
қажет:
1. Дератизация, оның әдістері.
2. Кемірушілердің індеттің тұрақты табиғи ошағын сақтаудағы маңызы.
Қандай инфекциялар кеміргіштер арқылы беріледі? Олардың берілу
механизмдері.
3. Мал фермаларында тіршілік ететін кемірушілердің түрлері.
Дератизация (de – жоямын, rattus – егеуқұйрық) – жұқпалы аурулардың
қоздырушыларын тасымалдайтын зиянды кемірушілерді жоюға бағытталған
шаралар кешені.
Ауру қоздырушыларын тасымалдайтын кемірушілер. Статистика-
лық деректерге қарағанда 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың, 132-сі
кемірушілер қатарына жатады. Олардың ішіндегі індетті таратудағы
маңыздысы синантропты кемірушілер (адам мен малдың тіршілік ететін
мекендеріне жақын орналасқандары). Олар: тышқан тәрізділер (сұр, қара,
жалпақ тісті егеуқұйрықтар, үй тышқаны), атжалман тәрізділер
(құмтышқандар, сұртышқандар), тиін тектестер (суырлар, саршұнақтар,
қосаяқтар) тұқымдастарына бөлінеді. Бұлардың ішінде мал фермаларында
өмір сүретіндері: түрлі егеуқұйрықтар, үй тышқандары, хомяктар. Ғылыми
деректерге қарағанда Алматы облысы мен Алматы қаласында ұсталынған
3886 кеміргіштердің 3521-і (95,5%) сұр егеуқұйрықтар, 154-і үй тышқан-
дары, тек 6-уы ғана хомяктар мен дала тышқан (Т.М. Жамансарин, 2005).
Сұр егеуқұйрықтың салмағы 600 гр, қара егеуқұйрықтікі 300 гр, үй
тышқанынікі 21 гр болады. Олардың өмір ұзақтығы – 2-3 жыл, буаздық
кезеңі – 19-21 күн. Бір айлық кезінде енесінен айырылып, 1,5-2,5 айлығында
жыныстық мүшелері жетіледі. 1 жылда егеуқұйрық 2-3 рет, тышқан 4-5 рет
балалап, әр жолы 10-15-ке дейін өсім береді. Бұлар талғаусыз қоректенеді
және көптеген инфекциялық ауруларға (түйе обасы, туляремия, Ку-
лихорадка, лептоспироз, листериоз, құтырық, аусыл, бруеллез, Ауески ауруы,
салмонеллез, т.б.) бейім. Аталған кемірушілер аталған аурулар қоздырушы-
ларының тасымалдаушылары ғана емес, олардың табиғаттағы қорламасының
сақталуында маңызды роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |