Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет62/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

 
 
 
 
 
 
17-сурет. Аусылда патологиялық материалды зерттеу схемасы. 
талған темiрмен қапталған) салып, оны мұзы бар термостың iшiне орналас-
тырып (айналасы матамен нығыздалады) жолдама қағазбен бiрге лабора-
ториялық зерттеуге жiбередi. Материал бiрнеше ауырған малдан алынған 
жөн. Патологиялық материалды зерттеу кестесi 17-шi суретте көрсетiлген. 
Биологиялық сынама негiзiнен 16-18 айлық екi тайыншаға қолданылады. 
Патологиялық материалдан жасалған ерiтiндiнiң сүзiндiсi 0,2-0,3см
3
мөл-
шерiнде тiлдiң сiлекей қабатына бiрнеше жерден жене тұяқ арасының терi 
астына жiберiледi. Аусылдың балауы биологиялық жануарларда аусылға тән 
Патологиялық материал 
КБР 
Биологиялық 
сынама табиғи 
бейiм жануарларға 
Биологиялық сынама 
лабораториялық 
жануарларға 
Вирусологиялық 
зерттеу 
си
ы
р 
қо
й 
до
ңы
з 
ақ
т
ыш
қа
нн
ы
ң
ба
уыры
нда
ғы 
ба
ла
ла
ры
те
ңi
з 
ты
ш
қа
ны
қо
ян
ны
ң 
кө
ж
екте
рi
до
ңы
зд
ы
ң 
бү
йр
ек 
клеткал
ар
ы
без 
клеткал
ар
ы
КБР 
КБР 
биосынама
(ақ 
тышқан, теңiз 
тышқаны) 


108 
афталардың пайда болуымен және комплемент байланыстыру реакциясының 
оң нәтижесiмен расталынады. 
 
16- тәжірибелік сабақ. Аусылды дауалау және індет ошағынан
арылу шаралары 
 
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р. Ветеринариялық заң кiтаптары (том 1, том 
2), көрнектi құралдар, поливаленттi О, А, Азия-1 вакцинасы, әдiстемелiк 
нұсқау. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы аусылға қарсы қолданылатын күрес 
шаралары талқыланып, iндеттiк жағдайға байланысты тапсырмалар (арнайы 
әдiстемелiк нұсқауда көрсетiлген) орындалады. 
Аусылды дауалау және одан арылу шараларының нәтижелi болуы үшiн, 
олар нұсқауларға сәйкес ерте, қатаң орындалуы шарт. Қазiргi кезде дүние 
жүзi мемелекеттерiнде аусылға қарсы күрес шаралары 2 түрлi жүйеде 
жүргiзiледi:
Кардинальды күрес шаралар жүйесi (iндет ошағына карантин қойылып, 
ондағы барлық мал етке сойылып, ауруға шалдыққандары өртелiнiп, қатаң 
ветеринария-санитариялық шаралар жүргiзу). Бұл жүйе Еуропада және 
аусылдан ада аралда орналасқан мемлекеттерде орындалады. Оларда аусылға 
қарсы вакцина қолданылмайды. Соңғы рет 2001-2002 жылдары аусыл Еуропа 
мемлекеттерінде байқалып, күрес шаралары кординальды түрде орындалды. 
Аусылдың iндет ахуалына байланысты қатер төнген аймақта жүйелi 
түрде малды арнайы вакциналармен иммундеу, iндет ошағы анықталған жағ-
дайда карантин қойып, ауру малды арнайы препараттармен емдеу, ветса-
нитариялық шараларды орындау арқылы аусылдан сау емес пункттi сауық-
тыру. Осы мақсатта ТМД мемлекеттерi мен Қазақстанда жүргiзiлетiн аусылға 
қарсы ортақ шаралар жүйесi 18-шi суретте көрсетiлген. 
А у с ы л д ы ң е м i. Бұл инфекция анықталған жағдайда індет 
ошағындағы ауыру мал сауларынан бөлінбей, тұрған жерлерінде емделіп-
домдалады. Ауырған мал таза, құрғақ қорада жұмсақ құнарлы шөп, таза 
сумен қамтамасыз етiлуi тиiс. 
Аусылдың қоздырушы вирусы iшкi органдар қызметiне зардабын 
тигiзуiне байланысты, емдi ауырған малдың жүрек қызметiн реттейтiн дәрi 
беруден бастаған жөн. Әсiресе малдың әлi кеткенде, түрлi қоспа жасап 
берiледi.
Мысалы:
Rp.:Валериан тұнбасы – 15,0 
Ландыш тұнбасы – 15,0 
Бромды калий – 6,0 
Дистилденген су – 400,0 
M.f. Сиырға бiр рет беруге. 


109 
Сонымен қатар көк сүтке қант қосып беруге болады. 
Ауыз қуысындағы жараларды пермонганатты калий (1:1000), фурацилин 
(1:500) ерiтiндiлерiмен жуып – шаяды. 
Тұяқ көбесiндегi жараларды тотияйнның 1%-ды, хлораминнiң 2%-ды, 
калий перманганатының 0,1%-ды ерiтiндiлерiнiң бiрiмен шайып, спиртте 
дайындалған йод пен глицериннен (1:4) тұратын немесе деготь пен балық 
майынан жасалынған, т.б. қоспаларды қолдануға болады.
Мысалы: 
Rp.:флавакридин гидрохлоридi 1,0 
новокаин 4,0 
вазелин 100,0 
Сыртқы жараға жағуға 
Rp.:Новокаин 2,5 
Анастезин 2,5 
Мыс сульфаты 5,0 
Балық майы 20,0 
Сыртқы жараға жағуға 
Желiнсау болған сиырларға новокаин блокадасын Башкиров бойынша 
жасап, пеницилин, стрептомицин, цинк майларын жағуға болады. Гелиоми-
цин майы новокаинмен жақсы нәтиже бередi деген деректер бар. 
Ауырған малдың қан тамырына глюкоза ерiтiндiсiн, кофеин немесе 
гексаметилентетрамин (уротропинмен) жiбередi. Сонымен қатар арнайы 
иммундыглобулин, аусылдан жазылған малдың қан сарысуы немесе сүтi 
қолданылады. 
Т ө л д е р д i е м д е у е р е к ш е л i к т е р i. Төлдердi аурудың 
белгiлерi байқалмай тұрып, яғни жасырын кезеңiнде емдеген нәтижелi 
болады. Сондықтан аусылдың iндет ошағындағы барлық жас төл арнайы 
препараттар: иммунды глобулин, иммундылактон, аусылдан жазылған 
малдың қан сарысуымен егiледi. Егiлген төлдерде бiрден енжар иммунитет 
пайда болады. Мал шаруашылықтарында аусыл iндет түрiнде байқалса 
облыстық малдәрiгерлiк лабораториясында немесе аудандық малдәрiгерлiк 
станциясында арнайы препараттар дайындауды ұйымдастырған жөн. 
Қазақстанда аусылға қарсы А, О, Азия-1 типтерiнен дайындалған полива-
ленттi, инактивтелген вакцина қолданылып жүр. 


110 
Мал шаруашылығын сырттан Аусылдан сау емес пункттiң, iндет
енетiн ауру қоздырушысынан қорғау ошағының, қатер төнген аймақтың 
Iндет ахуалын анықтау шекарасы анықталады. 
Малдарды күнделiктi қарап, бақылау
Қауiп болса вакциналау
1.Карантин (дезинфекциялық 1.Шарушылықты сырттан енетiн 
тосқауыл, ветсанитариялық вирустан қорғау.
жiбергiш, карантиндiк постылар 2.Iндет ошағының сыртында 10-15км
орнату) аумақта малдың жайылмауы қажет. 
2.Ауруға шалдыққан малды Ондағы мал қолға ұсталады. 
емдеу. 3.Аймақтағы барлық бейiм мал 
3.Өлексенi өртеп жағу арнайы вакцинамен егiледi. 
4.Күнделiктi дезинфекция
5.Сүттi майға айналдыру
6.Қиды биотермиялық өңдеу, 
сағдарды өртеу 
18-сурет. Аусылға қарсы қолданылатын шаралар. 
Студентің өзіндік жұмысы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет