З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет16/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
open-file

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. 
2. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы.
// Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б. 
2. 
Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 
2011, №7, 60-61 б. 
3. 
Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения 
вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б. 
4. 
Магид М.Н. Социальное государство в тупике // www.rambler.ru 
12-дәріс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасында білім алу жағдайы 
Жоспар: 
1. Отбасының функциялары мен құрылымы 
2. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына жағымды жағдайлары 
3. Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың үй жағдайында білім барысы 


51 
Дәріс тезисі: Әрбір адам дүниеге келген күннен бастап қорек, жылу, 
қауіпсіздік сияқты физикалық қажеттіліктерден басқа туған-туысқандардың, 
жақын адамдарымен қарым-қатынасқа мұқтаж болады. Осындай қарым-
қатынас негізінде адамды адам қылатын құндылықтар: сүю, біреу үшін 
мазасыздану, өзің және басқа да адамдарды түсіну, агрессиялық шабытты 
реттеу және өзіне және қоршаған ортаға зиян келтірмеу, алға қойған 
мақсаттарға жете білу, өзінің және өзгенің өмірін құрметтеу және т.б. жеке бас 
құндылықтары дамиды.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін түзету-
баулу, өтемдік және сауықтыру функцияларын орындау өте маңызды. Бұл 
функциялардың басты мақсаты – баланың психофизикалық және әлеуметтік 
дәрежесін қалыптастыру, материалдық тәуелсіздік пен әлеуметтік бейімделуге 
қол жеткізуді қамтамасыз ету. Дегенмен, отбасындағы мұндай функциялар кең 
көлемді факторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін: отбасы мүшелерінің жеке бас 
ерекшеліктері мен олармен қарым-қатынас, отбасы өміріндегі кейбір 
жағдайлар, отбасы құрылымының бұзылуы және т.б. 
Отбасының функциялары мен құрылымы өмірлік іс-әрекеттердің
этаптарына тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Мүмкіндігі шектелген баланы
тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің негізгі баспалдақтарын 
қарастырып өтейік:
Баланың дүниеге келуі: птологиясы туралы мәлімет алу, берілген мәселені 
эмоционалды қабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелері мен жақын 
адамдарды хабардар ету; 
Баланың мектепке дейінгі кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік 
іс-әрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру, 
баланы оқыту және тәрбиелеу; 
Баланың мекетптік шағы: мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік 
оқыту формасы туралы шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен 
қарым-қатынастағы 
ересектермен 
құрбы-құрдастарының 
арасындағы 
мәселелерді шешу; 
Жеткіншектік жас: мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи, 
созылмалы ауруына дағдылану, құрбы-құрдастарының бөлектеу мәселелерін 
шешу, баланың болашақ кәсібін жоспарлау; 
Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, 
отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау; 
Ата-аналық кезең: жұбайымен отбасын құру және мамандармен өзара 
әрекеттестік. 
Әрбір адамның өмірінде отбасы маңызды ролге ие. Ең алдымен тұлға 
ретінде дамып келе жатқан бала үшін отбасының маңыздылығы зор. Ол үшін 
отбасы – оның әлеуметтік дәрежесіне, денсаулығының жағдайына және тағы 
басқа да ерекшеліктеріне қарамастан оны жақсы көретін ең жақын адамдары. 
Отбасы түсініспеушілікпен аяушылық білдіре алатын, көмек қолын созатын, 
кез келген мәселені бірлесе шеше алатын ошақ. Дегенмен, қазіргі жағдайда 
балада жағымсыз қасиеттердің дамуы мен баланың дамуына кедергі жасайтын 
отбасыларда кездеседі. 


52 
Баланың мінез-құлқы, өзі және өзің қоршағанорта туралы көзқарастары 
отбасында 
қалыптасады. 
Сондықтан 
баланың 
ауруына 
отбасының 
түсініспеушілікпен қарауы және оның қиындықтары мен мәселелерін бірлесе 
шешіп отыруы – дамушы тұлғаны емдеу мен сауықтырудың маңызды 
факторлары.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасында ерекше 
жағдай менн ахуал қалыптасады. Ол ең алдымен ата-аналарға байланысты 
жүзеге асды. Балаға деген туған туыстарының қарым-қатынасы негізінде 
баланың бойындағы қасиеттер дамиды (махаббат пен сүйіспеншілік немесе 
керісінше жек көрушілік, т.б). 
Қорқыныш сезімі басым болып келген балаға ерекше мән берген жөн. 
Ата-ана балаға ол қорқатын затпен абайлап таныстырып, оның 
қорқыныштарын біртіндеп жойғаны абзал. Баланың бойындағы кері мінез-
құлықтарды, өз-өзіне сенбеушілікті, қорқынышты ата-анасы аса мән беріп, 
баламен қарым қатынас жасау арқылы жоя алады. Бала міндетті түрде күш 
жетерлік жұмыс істеуі керек; оны өз бетімен киініп, тамақтануға үйрету.
Мүмкінді шектелген бала өзіне ғана қызмет етуден басқа қоршаған орта үшін 
қажетті басқа да міндеттерді орындауы маңызды: дастарқан дайындауға 
көмектесу, ыдыстарды жинау және т.с.с. Нәтижесінде баланың бойында 
еңбекке деген қызығушылық, қуаныш сезімі, өзіне деген сенім пайда болады.
Кез келген іс-әрекет нәтижесінде баланың дүниетанымы қалыптасып, 
ақыл-парасаты дамиды. Кейбір ата-аналар бала құлап қалады, ыдыстарды 
сындырып немесе дұрыс киіне алмайды деп баланың өзігінен дамуына кедергі 
келтіреді. Бұл баланы енжар, селқос, бойкүйез болуына әкеледі. Мүмкіндігі 
шектеулі баланың ата-анасы оның ауруы тек оның жалғыз кемшілігі екенін 
айтып, баланың бойында көптеген ерекше жақсы қасиеттер бар екенін балаға 
жеткізуі тиіс. Ата-ана мүмкіндігі шектеулі баласы бар екеніне намыстанбауы 
тиіс – себебі ол баланың жалғыздық күйге душар тетеді. Ата-анасының 
махаббатына бөленген бала эгоцентризмнен айрылып, күш жетерлік жұмыс 
атқарып, қол жеткізген жетістіктеріне қуанады. Бұл қасиеттер баланың 
тыныштық жағдайда, уайымсыз дамуына көмектеседі.
Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына жағымды жағдайлар жасау үшін 
та-анасы баланың ауруының негізгі ерекшеліктерін біліп, тиісті жаттығулар 
жасап отырғаны дұрыс. Дұрыс күн тәртібінің болуы зор маңызға ие: тамақтану 
мен ұйқы тәртібінің реттілігі, баланы қыдырту мен демалысты кезектесіп 
отыруы. Сонымен бірге тіл мәдениетін дамыту мақсатында жүйелі тапсырмалар 
орындау, басқа да ақыл-естің дамуына қажетті мүмкіндіктер жасау маңызды 
ролге ие. Ғалымдардың пайымдауынша, осындай реттілікпен жүрген бала 
кірпияздылықтан айрылып, барлық берілген міндеттерді жауапкершілікпен 
орындайды. Уақыт өте келе ол өзін-өзі ұстауға, өзінің іс-әрекеттеріне жауап 
беруге үйренеді. Үйдегі жағдайлардың жүйелі тәртіппен дамуы баланың 
дүниетанымы қалыптасып, ақыл-есі, байқағыштығы мен білімге деген 
құмарлығы дамиды. Күн сайын баланың алдында тек өзінің ақылы мен 
физикалық мүмкіндіктерімен шеше алатын түрлі мәселелер болады.


53 
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп 
жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе 
медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты 
ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала 
тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, 
психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде 
алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген 
әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында 
да, ауру баланың әртүрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен 
ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл 
жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей 
қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың 
бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз 
әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан 
үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және 
кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. 
Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық 
дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі 
шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі 
мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік 
қажеттіліктермен 
қаитамасыз 
етуден 
ғана 
тұрмайды, 
оны 
үнемі 
сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ 
ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік 
белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. 
Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы дмау 
деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара 
іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың 
өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына 
себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-
аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада 
өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік 
бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-
ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар 
кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға 
мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай 
белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес 
алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты 
түрде ықпал етер еді. 
Дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру 
саласындағы негізгі міндеті ретінде олардың психофизикалық ерекшеліктері 
есебімен көрсетілген санаттағы барлық балалардың сапалы білімді алуына 
жағдай жасау қаралуда.Мүгедек балалар, денсаулығына байланысты тұрақты 


54 
немесе уақытша білім беру ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқтар, үйден жеке
бағдарлама немесе толық жалпы білім беру бойынша білім алуына қажетті 
жағдай жасауға міндетті. 
Үйден оқыту - бұл білім беру формасы, яғни бала үй жағдайында алатын, 
ал оқыту үрдісі жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады. Бұл медициналық 
көрсеткіштері бойынша білім беру ұйымдарында тікелей оқи алмайтын 
балаларға ұсынады. Үйден жекеше оқытатын міндет интеллектісі бұзылған 
(бірінші немесе екінші тұрпаты) балалар үшін арнайы (түзету) мектептің 
бағдарламасын меңгеруде немесе мемлекеттік білім беру стандар шегінде
білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруі болып табылады. Жекеше 
оқытудың нормативтік базасы білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті 
мен құқығын, оқыту үрдісін ұйымдастырудың жалпы ережесін анықтайды. 
Арнайы техникалық құралдарды қолдануда үйде жеке оқытуды 
ұйымдастыруын реттейтін: 
«Білім беру туралы» ҚР заңы 
«Мүмкіндігі шектелген балаларға әлеуметтік пен медициналық-
педагогикалық түзетумен қолдау туралы» ҚР заңы 
«Материалдық-техникалықтың талабы мен оқыту-әдістемелік жабдықтау 
және дамуында мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуды іске асыратын, білім 
беру ұйымдарын қамтамасыз ету» 08.08.200 №477, 01.08.2007 №187; 2007 
жылғы 19 маусымдағы №367 еңбек пен әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, 
білім және ғылым министрліктерінің бірлескен бұйрығы. 
Үйден оқыту-тәрбиелейтін ұйымдарында (№974 2004 жылғы 26 
қарашасындағы Қазақстан Республикасының БҒМ бұйрығы) мүгедек 
балаларды оқытуға ата-аналарына көмек көрсету тәртібі туралы ереже 
Жұмыста қолдану үшін түзету педагогиканың Ұлттық ғылыми-
практикалық орталығы әзірлеген, үйден оқитын мүгедек балалардың жұмыс 
орнын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша
нұсқаулық-әдістемелік хат. (2011 жыл 6 сәуір №02-5/365)
Республикада 2011 жылдың тамызында орасан зор ойды іске асыру 
басталды - үйден оқитын мүгедек балалардың жұмыс орнын жабдықтау- олар 
Қазақстанда 9000 астам – ғаламторға шығу мүмкіншілігімен, қазіргі дамудағы 
құрал-жабдықтардың жинақталымы. 
Үрдістің басты қатысушылары:
Бағдарламаға балалардың қатысуы мүмкін: 
үйден оқитындар 
«Мүгедек» дәрежесі бар және келесі санатқа қатысты - соқырлар; нашар 
көретін; нашар еститін және естимейтіндер, есту аппаратын қолданушылар; 
есту қабілетінің төмендеуінен жеңіл және орташа деңгейі (есту қабілетінің 
төмендеуінің І-ІІ деңгейі); есту аппаратын қолданылмайтындар; аяқ-қолдың 
төменгі жағы жоқ/ зақымданған тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандар; 
зақымданған тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандар/аяқ-қолдың жоғарғы жағы 
жоқ; эмоциялық-еріктік бұзылулармен мүгедек бала; ауыр ауытқумен мүгедек 
бала (соқырсаңраулық, соқыр немесе көру қабілетінің төмендеуімен кереңдер 
мен құлақтың мүкістігі әртүрлі қосумен; нараш көретін нашар еститін, яғни


55 
ақыл-есінің ауытқуында асқынған сенсорлық дефект және/немесе сөйлеу 
қабілеті ауыр бұзылғандар; эмоциялық-еріктік бұзулар мүгедек балалар жеңіл 
және орташа ақыл-есі ауытқығанмен қосылады);
«Компьютермен жұмыс істеуге қарсы көрсеткені жоқ туралы» дәрігерден 
анықтамасы бар. 
Осы немесе басқа жабдықтың түрлері туралы психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультацияда ұсыныс бар. 
Білім беру үрдісінде оқушылардың психофизикалық дамыту мен 
мүмкіншілігіне байланысты өзінің ерекшелігі болуы мүмкін. Осы 
ерекшеліктерге жататын, біріншіден, білім беру бағдарламасын (жалпы білім 
беру мектептермен салыстыру бойынша олардың өсуі мүмкін) меңгеру мерзімі 
әртүрлі; екіншіден, оқушылармен (сабақты комбиниралық және үйдегі 
ұйымдарда өзткізу мүмкін, яғни сабақтың бір бөлігі ұйымдарда, бөлігі- үйде 
өткізіледі) сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері. 
Үйден жеке оқытуды жалпы білім беру мен түзету ұйымдарының барлық 
түрлері ұйымдастыра алады.
Жұмыс орнында арнай құрал-жабдықтарды қолдануға үйден мүгедек 
балаларды оқытуына оқушыларды дамыту мен әлеуметігі, білім беру 
матсатына бағдарланған, жүйелік іс-шаралардың жиынтығын қосу. 
Электрондық білім беру ресурстары, мамандандырылған компьютерлік 
құрал-жабдықтарды білім беру үрдісінде қолданатын интерактивтік 
элементтерді қолдану, көрнекілік құралдарды арттыру есебінде дидактикалық 
мүмкіншілікті кеңейтуіне оқу материалдық жолымен мүгедек балалардың 
жақсы қабылдауына бағытталған. Үйден оқитын мүгедек баланың жұмыс 
орнын жабдықтауда білім беру үрдісінде қашықтық технологиялы қолдану ол 
баланы автоматтық қосуды білдірмейді.
Үйден оқитында бала өзінің тұлғалық әлеуеті мен білімін тұрақты арттыру 
мүмкіншілігі бар ортаны тұрғызу қажеттілігі пайда болды. Үйден оқитын 
мүгедек балалар үшін телекоммуникациялық компьютерлік білім беру 
ортасындағы білім беру үрдісінде қиын техникамен қатар жай қосымша 
құралдарды қолданумен және жалпы білім беру технологиясына тікелей басқа 
оқушылар мен мұғалімдердің оқушылармен икемді өзара іс-қимыл жүйесі 
ретінде салынуға міндетті.
Үйден мүгедек балаға құрал-жабдықтың жиынтығын орналастырудың 
басты жағдайы (мысалы, жоғарғы деңгейдегі миопия, тырысқақ мен
тырысқақты көрсететін белгілері) компьютермен жұмыс істеуге медициналық 
қарсы көрсеткені жоқ болғанда ғана есептеуге болады. Компьютерлік құрал-
жабдықтармен баланың жұмыс істеу мүмкіншілігі туралы қорытындыны
(қиын бұзушылығы бар мен соматикалық мүгедек балалар үшін) емдеу 
дәрігері немесе/ хирург және, невролог немесе/ және окулист береді. Үйде 
орналасқан арнайы жабдықтарды қолдануына қатысты материалдық мен 
моралдық жауапкершілікті ата-аналарға артылады.
Компьютер үлкеннің бақылауымен ғана мүгедек бала қолдан алады және
тек қана оқу қажеттілігінде (үйдің тапсырмаларын орындаған кезде). Сабақтан 
тыс уақытта компьютермен баланың жұмысы жалғастығын ескертеді. 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет