З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет24/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
open-file

Аномальді балалар - психикалық және физикалық даму мөлшерінен (нормадан) 
ауытқыған балалар. 
Асфиксия - туылу кезіндегі ұрыққа оттегінің жетіспеушілігі 
Астения (гректің. asthenia - әлсіздік деген сөзінен) – ұзақ уақытқа созылатын 
ақыл-ой және физикалық қозғалысқа түсу кезіндегі шектен тыс қажу, шаршаумен 
сипатталатын әлсіздік жағдайы. 


77 
Апперцепция - бұрынғы тәжірибені түйсінуіне, адамның психикалық іс-
әрекетінің бағыты мен жалпы мазмұнына және жеке басының қасиеттеріне 
байланысты байқалатын психиканың сипаты. 
Ассимиляция - жаңа өмір тәжірибесінің өзімізде бұрыннан бар сызба 
айналасында талдану барысындағы ақыл- ойдың бейімделуін сипаттау үшін 
қолданылатын Пиаженің термині. 
Ата-аналарға арналған семинар - тақырып бойынша жанұяларға әртүрлі түрде 
берілетін мағлұмат (оны сондай-ақ кез келген уақытта, кез келген жерде, жазбаша, 
ауызша, бейнетаспа, бейнежазба түрінде беруге болады). 
Ашық материалдар - бірнеше амалдармен пайдалануға болатын ойыншықтар 
мен оқу материалдары; даму деңгейі әртүрлі дәрежедегі балалар қолдана алады. 
Аура - өзіндік бір сезіну, қозғалыс немесе психологиялық күйзеліс 
(қорқыныш, әрекеттілікті өтірік түрінде қабылдау) тікелей эпилептикалық
ұстамалы ауруға (припадкаға) алып келуі. 
Аутизм - қоршаған ортадан бөлектеніп алу, аурудың өзіндік күйзеліс әлеміне
енуі. Ол уақытта аурумен әңгімелесу өте қиынға соғады. Аутизм («ішкі өмірді
игеріп алу» болып саналады) симптомдар тобымен анықталады, оның өзі
адамның, қоғамның ортасында, сферасында байқалып отырады, үш жас
шамасына жеткенше білінеді. Бұл осы үлгідегі аурудың белгілері танымдылық
қабілеттілігі бұзылады. Яғни, дұрыс дамып келе жатырған сәбиде аяқ астынан
нашарлап кету қаупі тууы мүмкін. Физикалық дамуы сәбидің негізінен
дұрыс болуы мүмкін, бірақ кейбір қимыл қозғалысты қайта- қайта
қайталауы мүмкін. Әдетте сенсорлы қабылдауы да бұзылған болып шығады.
Кейде осындай ауруларға есту қабілеті бұзылған деген диагноз қойылады,
ал дұрысына келгенде негізінен олар дыбыстарды таңдап қабылдауы мүмкін
оның өзі дені сау адамға ешқандай мәні болмайтын немесе бөліп алып
қарайтын кейбір заттың қабылдауы жағдайында болады. Сөз толықтай
болмауы мүмкін немесе кешігіп шығуы мүмкін, көбіне балалар сөзді немесе
фразаны саналы түрде қабылдамайды. Жоғарыда көрсетілген
жетіспеушіліктерді аурудың қоршаған ортаға деген бейімділігінің нашар
екендігін көрсетеді. Балалар өзінің жеке өмірінде тіршілік етіп жүрген
сияқты. Дегенмен аутизм сирек кездесетін ауру түрі болып табылады, оның
белгілері тіпті ауыр болғандықтан және ерте жас кезінде пайда болатын
болғандықтан мұндай балаларды көбіне арнайыландырған клиникаларға жиі
жатқызады. 
Ауыр кемістік - мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру 
қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету 
дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек 
дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі 
психикалық және дене кемістігі. 
Аутотренинг - (аутогенді жаттығулар) кеңейтілген кәсіптік-психотерапиялық
әдісі, арнайы жаттығулардың жиынтығы, оның өзі мінез-құлықты өзін-өзі
ретке келтіруші және өзіндік сенімге немесе иланғыштыққа негізделуі мүмкін. 
Аутотренинг жаттығулары адаммен өзінің психикалық жағдайы мен мінез - 
құлқын басқару үшін пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет