З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
open-file

Сезімдік үлгі-нұсқаулар - объектінің сезімдік сипаты, қасиеті мен белгілерінің 
тарихи қалыптасқан түрі. 
Синдром (гректің syndrome – ауру белгілерінің өтуі деген мағынаны береді) – бұл 
патогенездегі ауру белгілерінің (симптомдарының) өзара байланысу жүйесі. 
Скрининг- «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай 
стандартталған тексеру. 
Сурдопедагогика - саңыраулар мен нашар еститіндер педагогикасы. 
Сұрақнама - сыналушыға жазба түрінде сұрақтар ұсынудан тұратын, бір үлгіге 
келтірілген мағлұмат алу процедурасы. 
Сұхбат- ауызша қатынас арқылы мағлұмат алудың ерекше тәсілі. 
Т 
Талап ету дәрежесі - жеке адамның өзіне лайықты деп білетін қандай да бір 
мақсатты таңдап және оған жетуге талпынысын сипаттайтын тұлғаның өзін-өзі 


91 
бағалауының көрінісі; бұл таңдау бұрынғы жетістіктер мен жеңілістерді есепке ала 
отырып айқындалады. 
Талдау (анализ) - затты (объектіні) ойша бірнеше құрама бөліктерге бөлуден 
тұратын ойлау операциясы. 
Танымның жеке стильдері- оқу қабілетіне әсер ететін қасиеттер тізімі. 
Таңдау- барлық қабылданатын материалдың көлемінен әлдебір заттар мен 
белгілерді бөліп шығарудан тұратын, жеке бастың тәжірибесімен және бағытымен 
анықталатын түйсіктің қасиеті. 
Таңертеңгі жиын/жиналыс - мұғалім мен оқушылар бір-біріне деген қарым-
қатынасына жауапкершілікпен қарайтындай етіп, оқыту және әлеуметтік дамыту 
жоспарларын бірге қосып жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістемесі. 
"Тәй-Тәй" бағдарламасы - Дж. Соростың Орталық және Шығыс Еуропа мен 
бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде ашық қоғам құру мақсатында ашқан "Ашық 
қоғам институты" қаржыландырып, Джорджтаун университеті жанындағы Сәбиді 
Жетілдіру Орталығында 0-ден-12- жасқа дейінгі балалар мен олардың ата - 
аналары үшін құрастырылған бағдарлама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет