З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
open-file

Ф 
Фасилитатор (ағылшын тіліндегі " 'Гасііііаіе " сөзінен) - дамытуды өзгертудің 
бағдарламасын, стратегиясын және тактикасын құрастыруға көмектесетін адам. 
Формалдық емес жиналыс -   ата-аналардың жоспарлауымен және ұстаздардың
қатысуымен ұйымдастырылған кездесулер. 
Функция - қызмет шеңбері, міндет. 
Ш 
Шамамен алынған рефлекс - кез келген жаңа тітіркендіргішке бастапқы 
психикалық реакция. 
Шеберлік - жеке бір баланың белгілі бір сыныптың тапсырмасын орындау 
жолдары, оларды тез және дәл атқаруға мүмкіндік беретін практикалық және 
теориялық іс-әрекеттерге дайындығы; ол жаттығулар арқылы қалыптасады, жетіле 
келе дағдыға айналады. 
Шешім қабылдау - жалпы мақсатқа жетуге бағытталған көзқарастар мен іс-
әрекеттердің серіктесу процесі. 
Шығармашылық - нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылық тудыру 
болып табылатын іс-әрекет. 
Шығармашылық қасиет (креативность) - ойлау қабілетінің ерекше 
жасампаздығы, өнерпаздық, өнертапқыштық. 


93 
І 
Ізгіліктеу (гуманизация) - шығармашылық еңбектің, танымның және қарым-
қатынастың субъекті ретінде жеке тұлғаның дамуына бағытталған әлеуметтік - 
оқыту процесі. 
Іскерлік ойын - әртүрлі жағдайларда, берілген немесе қатысушылардың өздері 
бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік 
әдісі (имитация). 
Э 
Эгоцентризм адамның басқаның позициясын ұстай алмауы, бүкіл зейінін өзінің 
мақсаттары, уайымдары және сыртқы әсерлерге жауап бере алмауына аударуы. 
Эйдетизм - бұрын қабылданған заттар мен сахналық көріністердің бейнесін сақтау 
және жаңғырту қабілеті. 
Экспансия - баланың түсініктерін сөйлемдермен, фразалармен астарлау арқылы
оның бекуін үлкен адамдардың қолдауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет